ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
11 марта 2020 | 15:26

"1000 жеңімпазды іздеймін". Қазақстандықтар Желіде атақты актердің ұтысын бөлісіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook желісінде танымал америкалық актер Дуэйн Джонсонның "парақшаларынан" ақшалай ұтыс ойнатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Facebook желісінде танымал америкалық актер Дуэйн Джонсонның "парақшаларынан" ақшалай ұтыс ойнатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желіде актердің атымен ашылған түрлі парақша бүгінде белсенді жұмыс істеп жатыр. Парақшалардағы белсенділік те жоғары.

"Жақсы жаңалық. Маған алдағы 24 сағатқа 1000 жеңімпаз керек. Өзіңе керегін таңда. Сәтті санның бірін ал:

1. 10000 доллар
2. Үй
3. Алтын монета
4. iPhone 11 Pro
5. Автокөлік
6. Пәтер
7. Коммерциялық капитал
8. Мектеп керек-жарақтары", - делінген жазбада. 

9 наурызда жарияланған бұл жазба қызу талқыға түскен. Постқа 3,5 мыңнан аса лайк басылып, мыңға жуық пікір жазылған. Тағы 7,5 мың адам жазбаны бөліскен. Парақшалар көбіне жазбаға қыруар ақшаның суретін салып, оқырман тартады. 

Қырғызстандық Sputnik агенттігінің мәліметінше, бұл ойындар - фейк. Біріншіден, видеода актер көбіне "Джуманджи" фильмінің жетістігі туралы айтады. Екіншіден, парақшалардағы аккаунт белгісі негізі аватардағы суретте емес, есімнің жанында тұруы керек. Одан бөлек, көптеген ақшаның таратылуы да жалған көрінеді. 

Актердің видеосы мен көптеген ақша жарияланған парақшалар қайдан шыққаны белгісіз. Танымал актердің тек бір парақшасы бар. Америкалық танымал тұлғаның Facebook желісіндегі өз парақшасына 57 миллионнан аса адам тіркелген. Парақшасында ол тек өзі түскен фильмдер және өміріндегі қызық оқиғаларын бөлісіп отырады. Актердің өзі бұл ұтыс ойындарына қатысты ресми парақшаларында пікір білдірмеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.68   522.66   4.79 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети