Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 февраля 2019 18:57

Айтыскер Балғынбек Имашев қалай салмақ тастағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қалай салмақ тастағанын айтты. Бұл туралы ол бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында әңгімеледі. 


Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қалай салмақ тастағанын айтты. Бұл туралы ол бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында әңгімеледі. 

Айтуынша, ол бес жасқа дейін емген. Ол 120 келі болған кездері де болыпты, ал студияда өлшеп көрген оның салмағы 108 болды. 

Бағдарлама барысында арнайы диетолог, психолог, тренер-жаттықтырушы мамандар көрермендер сауалына жауап берді.

Тікелей эфирге Арнагүл Боранбайқызы келді. Оның  салмағы 110 келі, бойы 1,60 сантиметр. Ол 85-75 келіге дейін арықтағысы келеді.

"Екі баламды босанғаннан кейін осылай тола бердім. Диета ұстанып көрмедім. Буындарым ауырады", - дейді ол.

Оның айтуынша, оның жағдайында түрлі спорт жаттығулары және дұрыс тамақтану салмақ тастауға көмектеспейді. Дәл осындай мәселемен хабарласқан көрермендер де көп болды. Кейіпкерге мамандар кеңес берді. 

Диетолог Салтанат Болатбекқызы әр кейіпкерге кеңесін бері, тамақтана отыра салмақ тастау жолдарын ұсынды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети