Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 мая 2019 16:07

"Отанымды қорғай алуым керек" - Әкесі нигериялық, өзі Қазақстанда туған жігіт

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына қара нәсілді азамат қабылданып, отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Майкл Мкпо-Джозеф енді алдағы бір жылын Жетіген қаласындағы Әуе қорғаныс күшінің әскери бөлімшесінде өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына қара нәсілді азамат қабылданып, отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Майкл Мкпо-Джозеф енді алдағы бір жылын Жетіген қаласындағы Әуе қорғаныс күшінің әскери бөлімшесінде өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Майклды нәсіліне қарап шетелден келген деп ойлайтындар көп. Бірақ ол 1998 жылы 21 тамызда Алматыда туған. Оқуын да оңтүстік астанада тәмамдаған. Әкесі - нигериялық азамат, ал анасының шыққан тегінде орыстар да, қазақтар да бар. Майклдың нағашылары - қазақ.

"Мен, ең алдымен, ер адаммын, өз Отанымды қорғай алуым керек. Бұл осы елдің азаматы саналатын әр жігіттің борышы деп білемін", - дейді Майкл.

Ол бала кезінде отбасымен бірге бірнеше жыл Нигерияда тұрған. Сол жақта арнайы мектепте оқып, тәртіпке үйреніп қалғанын, күн сайын сағат таңғы 5-те тұрғанын айтады. Сондықтан, әскерде тәртіпке бағыну оған қиындық туғызбайтынына сенімді.

"Шын мәнінде, барлығы таңырқап жатыр. Өзіммен бірге әскер қатарына шақырылғандардан бастап, сардарларға дейін таңданыстарын жасырмауда. Африкалық жігіт әскери борышын өтеуге барады деп ешкім күтпеген ғой", - дейді Майкл.

Оның отан алдындағы борышын өтеп келуіне анасы да қарсы емес.

"Бірінші күннен бастап ұлымды ер азамат болсын деп тәрбиеледім. Ұлыма Түрксіб ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармадан әскерге шақыру қағазы келгенде бір секунд та ойланбадым. Ұлыма әскери қызметін өтеп келу керек екеніне күмәнім болмады. Неге өтемеске? Бұл оны шынықтырады, оның үстіне әскери білім алып келуі артық етпейді", - дейді анасы Галина Мкпо-Семёнова.

Майклдың анасы мен әкесі Алматыда танысқан. Бүгінде отау құрғандарына 20 жылдан асыпты. Қазір отбасыда Майклдан бөлек, Милана есімді қызы бар.

Айта кетейік, бүгінде отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанғандардың ішінде түрлі ұлт өкілдері бар. Қазақтардан бөлек, қазір орыс, татар, украин, ұйғыр, белорус, корей және неміс ұлттарының өкілдері ҚР Қарулы күштерінің қатарына қосылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети