Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июня 2019 13:09

Еңбек жарақаты: Маман өтемақы алудың жолдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© carolinajournal.com © carolinajournal.com

Жұмыс барысында алған жарақат үшін қандай мөлшерде төлемақы алуға болады? Оның мөлшерін кім анықтайды? Егер де жұмыс беруші еңбек жарақатынан болған шығынды төлеуден бас тартса не істеу керек? 


Жұмыс барысында алған жарақат үшін қандай мөлшерде төлемақы алуға болады? Оның мөлшерін кім анықтайды? Егер де жұмыс беруші еңбек жарақатынан болған шығынды төлеуден бас тартса не істеу керек? 

Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселенің мән-жайын адвокат Тілеужан Кішкенебаевтан сұрап білді. Оның айтуынша, кез келген қызметкердің жұмыс кезінде алған жарақаты үшін оның материалдық және моральдық шығынын жұмыс беруші өтеуі тиіс.

"Егер де жұмысшы жұмыс уақытында алған жарақаттан кейін емханада жатып емделсе, бұл туралы ол жұмыс берушіге өтініш жазып, шыққан шығындардың орнын толтыруды сұрауы қажет. Ал егер басшылық шығындарды өтеуден бас тартатын болса, онда зардап шеккен адам азаматтық тәртіпте жұмыс берушімен сот арқылы дауды шеше алады. Яғни жұмысшы кеткен шығынның орнын өтеуді сұрауы керек", - дейді ол.

Қорғаушының сөзінше, жұмыс уақытында қасақана зардап тигізу жағдайлары да болады. Яғни жұмысшылар арасында түрлі жағдай болып және оған жұмыс берушінің еш қатысы болмауы мүмкін. Әлде басқа адамның салғырттығынан зардап шегушілер де кездеседі. Ондай жағдайда қылмыстық іс қозғалып, содан кейін қасақана немесе салғырт оқиға болғаны үшін бір жұмысшының алдында екінші жұмысшы кінәлі болады және шығынды да кінәлі адам өтейді.  

"Негізі заңда жұмыс кезінде болған жарақаты үшін алатын төлемнің нақ сомасы көрсетілмейді. Сондықтан жұмыс уақытында алған жарақатын алдын ала өзі төлеп, кейін жасалған емнің шығынын жұмыс берушіге көрсетіп, одан кейін шығынның орнын толтыруды талап етуге болады немесе басшылыққа емге кететін соманы алдын ала көрсетіп төлем жасауын айту керек. Егер де жұмыс беруші бұл соманы төлеуден бас тартса, онда сотқа жүгіну керек", - дейді маман. 

Тлеужан Кішкенебаевтың айтуынша, материалдық шығынды түбіртек арқылы дәлелдеп, сомасын жұмыс берушіден талап етуге болады, ал зардап шегушінің моральдық шығынының сомасын сот белгілейді. 

"Егер де жұмыс жағдайында қызметкер ауыр жарақаттанып, мүгедек болып қалса, онда оған төленетін төлем мүлде басқа болады. Алдымен мүгедектікті анықтау мақсатында жұмыс беруші компанияда сарапшылар құрылады. Егер де жұмыс беруші шынымен кінәлі болса, онда компания арнайы жәрдемақы беретін болады. Мүгедектік уақытша және мәңгі болуы мүмкін. Егер жұмыс кезінде қызметкердің алған жарақаты оның мәңгі мүгедек болуына алып келсе, онда жұмыс беруші зардап шегушіге ай сайынғы зейнетақы тағайындауы керек. Ал егер де, жұмыс беруші кінәлі болса да, төлем жасаудан бас тартса, оның үстіне азаматттық тәртіпте шағымдану керек", - дейді ол. 

Сондай-ақ қорғаушының сөзінше, жұмыс уақытында жұмысшы жазатайым зардап шексе де оның материалдық шығынын жұмыс беруші төлейді. Себебі жазатайым оқиға жұмыс барысында болды. Оны анықтау үшін арнайы комиссия құрылады және жұмысшының нақ қалай зардап шеккенін анықтап, сәйкесінше шешім шығаруы тиіс. 

Оның сөзінше, жұмыс жарақаттары, өнеркәсіптік жарақат мәселелері ҚР "Еңбек кодексінде" қарастырылады. Сонымен қатар шығын туралы мәселе ҚР "Азаматтық кодексінде" көрсетілген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.57   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети