Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 августа 2019 09:27

"Таңғаларлық жағдай". Әнші Индира Расылхан операция алдында болған оқиғаны баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индира Расылхан дәрігерімен. © instagram.com/indirarasylkhan Индира Расылхан дәрігерімен. © instagram.com/indirarasylkhan

Әнші Индира Расылханның шұғыл ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Ендігі жазбасында ол отаның сәтті өткенін айтып, операция алдындағы қорқынышы жайлы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Индира Расылханның шұғыл ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Ендігі жазбасында ол отаның сәтті өткенін айтып, операция алдындағы қорқынышы жайлы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индира Расылхан диагнозын нақтылау кезінде барған дәрігеріне кез болғанын, оның өз кезегінде содан бері ота жасатпай жүргеніне таңғалғанын айтыпты. 

"Мені көрді де, сразу айтты "Сіз маған осыдан біраз жыл бұрын келгенсіз, сонда әлі ота жасатпай жүрсіз ба" дегенде, кірерге тесік таппадым. Ұялғаным-ай! Сол кезде тек ота жасау керек деген ғой. Неше жыл қашып жүріп, ақыры өзіне айналып келген болып тұрмын ғой. Таңғаларлық жағдай болды. Ота жасар алдында әрине бәрінде қорқыныш болғанын жасырмады. Бірақ Алланың қалауымен бәрі сәтті өткеніне бүкіл дәрігерлер қуанған екен", - деп жазған әнші ота жасаған дәрігерлеріне алғысын жеткізді. 

"Алматы қаласындағы №1 аурухананың Медициналық директоры Пазылов Сабит Бексеитовичке және де маған ота жасаған таракалдық хирургия бөлім меңгерушісі Жарылқапов Нұрлан Серікұлына @zharylkapovnurlan дәрігерлер Нысанбай Мұхтар Айтжанұлы @make_91 мен Таменов Ишанбек Жолдасбекұлына @ishanbektamenov алғысым шексіз. Әр адамның сырқатына жауапкершілікпен қарап, бар ықыластары мен көңілдерін бөлгендерін өзімнен ғана емес, басқа да ауырып келген кісілерге деген арнайы ықыластарынан байқадым", - деп жазды әнші.

Индира Расылхан №1 аурухана дәрігерлерімен. © instagram.com/indirarasylkhan
Индира Расылхан №1 аурухана дәрігерлерімен. © instagram.com/indirarasylkhan

"Қолдарыңыз әрқашан да жеңіл болсын. Сырқат жандарға жасаған көмектеріңіз үшін Алла мың есе сауаптан жазсын. Алланың қалауымен, сіздердің себептеріңізбен алдарыңызға келген кісілер жүз жасай берсін. Және де айтар алғысы толассыз болғай! Өте қатты құрметпен айтылған жүрекжарды ниетім деп білерсіздер. Рақмет. Айтқандай, медбикелер мен мадағаларға да алғысым шексіз", - деп тілек білдірді Индира Расылхан.

Ал әншінің тыңдармандары оның сауығып кетуін тілеп, пікір жазып жатыр.

Индира Расылхан №1 аурухана дәрігерлерімен. © instagram.com/indirarasylkhan
Индира Расылхан №1 аурухана дәрігерлерімен. © instagram.com/indirarasylkhan

Мұның алдында көмекшісі әншіге сәтті ота жасалып, жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған еді. Әншінің көмекшісінің айтуынша, екі сағатқа жоспарланған ота бір сағатта аяқталған. Сондай-ақ, Арай алаңдап, хат-жазып, хабарласқан оқырмандарына алғысын айтқан.

Айта кетейік, әншінің өкілі бұған дейін ауырсынып, 6 тамызда Алматыдағы ауруханалардың біріне кешкі сағат 19.00 шамасында шұғыл жеткізілгенін хабарлаған. Администратордың айтуынша, өнерпаздың ішкі құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап келген екен.

Индира Расылхан - Жамбыл облысының Көлтоған ауылында дүниеге келген, қазірде төрт баланың анасы. Әнші бір кездері "Томирис" ансамблінде өнер көрсеткен. 2004 жылы оның "Сезім сыры" атты алғашқы клипі ротацияға шыққан, ал келесі жылы "Кимаймын" атты альбомы жарыққа шығады. 2007 жылы экрандарда әнші тағы екі клип пайда болады. 2008 жылдың сәуір айында әншінің көптен күткен арманы орындалды - оның алғашқы жеке концерті өтті.

Әншінің "Тұмарым", "Жанымда болшы", "Ғажайып түс", "Тоқта, жаным" атты әндері жұртшылыққа кең таралған. Былтыр ол "Қазақстанның Құрметті азаматы" орденімен марапатталған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети