Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 августа 2019 15:32

Күзде жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзде жанкүйерлерді қазақстандық боксшылардың тартысты жекпе-жектері күтіп тұр.  Танымал Вoxrec сайтының мәліметі бойынша, әзірше келесі айда бес боксшымыз шаршы алаңға шығады. Tengrinews.kz қазақстандық боксшылардың күзде өтетін жекпе-жектерін теріп шықты.


Күзде жанкүйерлерді қазақстандық боксшылардың тартысты жекпе-жектері күтіп тұр.  Танымал Вoxrec сайтының мәліметі бойынша, әзірше келесі айда бес боксшымыз шаршы алаңға шығады. Tengrinews.kz қазақстандық боксшылардың күзде өтетін жекпе-жектерін теріп шықты.

Станислав Калицкий - Владислав Красношеин


Станислав Калицкий. © harcord.com

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Станислав Калицкий (8-0, 3 КО) басында 24 тамызда ресейлік Челябинскіде Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) - Энтони Ярд (18-0, 17 КО) бокс кешінің андеркардында шығуы керек болған. Кейін белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектің күні өзгерді.

Енді Калицкий рингке 7 қыркүйекте шығатын болды. Қарсыласы - ресейлік Владислав Красношеин (7-0-1, 2 КО). Жекпе-жек Екатеринборда өтеді.

Калицкий соңғы жекпе-жегін Екатеринборда 18 мамырда өткізген болатын. Сол кездесуде ол филиппиндік Лэнди Крис Леонды төрешілер шешімімен жеңген еді.

Қазір қазақстандық боксшының еншісінде кәсіпқой рингте 8 жеңіс пен 3 нокаут бар. Боксшы рингте жеңілген жоқ.

Данияр Елеусінов - Решард Хикс


Данияр Елеусінов. © Matchroom Boxing

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады.

Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жұдырықтасады. Бұл жолы қарсыласы жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикс (12-0-1, 6 КО) болады.

Жекпе-жекті DAZN платформасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) қолғап түйістіреді. Ал қазақстандық боксшы кештің андеркардында жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы жекпе-жегінде 25 мамырда Мэрилэнд штатында Чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші кездесуі болмақ.

Әлі жеңіліп көрмеген отандасымыз бүгінге дейін 7 рет рингке шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған. Оның үшеуі - нокаутпен.

Нұрзат Сәбіров - Бруно Сандоваль


Нұрзат Сәбіров. © Eye of the Tiger Management

Ал Нұрзат Сәбіров (10-0, 9 КО) 26 қыркүйекте рингке шығады. Қазақстандық боксшының жекпе-жегі канадалық Монреальда өтеді.

Сәбіровтің қарсыласы 28 жастағы мексикалық Бруно Сандоваль (20-3-1, 16 КО) болмақ. Сандоваль екінші орта салмақта WBC Latino "уақытша" титулының иегері. Боксшылар суперорта салмақта жұдырықтасады. Кездесу 10 раундқа есептелген.

Айта кетейік, Нұрзат Сәбіров соңғы жекпе-жегін 30 маусымда канадалық Тетфор Мин қаласында венгриялық 31 жастағы Ласло Тотқа қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңген.

25 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте он жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Оның тоғызын нокаутпен жеңген.

Батыр Жүкембаев - Мигель Васкес


Батыр Жүкембаев. © facebook.com/eottmboxing

Сәбіров рингке шығатын бокс кешінде Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) та қолғап түйістіреді. Бірінші орта салмақтағы кездесуде Жүкембаев 32 жастағы мексикалық Мигель Васкеспен жұдырықтасады.

Васкес - тәжірибелі боксшы, ол кәсіпқой бокста 49 жекпе-жек өткізіп, оның 41-ін жеңіспен аяқтаған. Бірек 15 кездесуде ғана нокаутпен жеңген. Қалған сегіз жекпе-жекте қарсыласына жол берген. Ол 2010 жылдан бастап төрт жыл бойы жеңіл салмақта IBF титулын иеленген.

Айта кетсек, 28 жастағы Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 17 мамырда мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы өткізген. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың соңында нокдаунға түсірген, төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдаған. Бұл әлі жеңілмеген Жүкембаевтың 16-жеңісі болатын. Ол 13 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко


Геннадий Головкин. © Vesti.kz

Тізімге әлі ресми хабарланбаған бір жекпе-жекті қосуды жөн көрдік. Бокс әлеміндегі инсайдерлердің мәліметі бойынша, Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегі 5 қазанда өтеді деп күтіліп отыр.

Танымал инсайдер Майк Коппинджердің мәліметіне сенсек, орта салмақта IBF титулы сарапқа салынатын жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазір боксшылар алдағы жекпе-жек бойынша толық келіскен. Бейсенбіде Нью-Йоркте жекпе-жек жөнінде арнайы баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұған дейін Деревянченко Instagram желісіндегі парақшасында Головкинге қарсы жекпе-жегін ресми хабарлап, кейін жазбасын өшіріп тастаған болатын. Украиналық боксшыға қарсы кездесу Головкиннің DAZN стриминг сервисімен келісімшарты аясындағы алты жекпе-жектің екіншісі болмақ.

Айта кетсек, GGG-дің соңғы жекпе-жегі 9 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсқа қарсы өтіп, төртінші раундта қазақстандық боксшы нокаутпен жеңген еді. Бұл Головкиннің кәсіпқой рингтегі 39-ы жеңісі болатын. 35 қарсыласын нокаутпен жеңген. Одан бөлек, GGG-де бір тең есеп пен бір жеңіліс бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети