Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 сентября 2019 12:51

Беташарда ақша тастаудың жаңа жолын көрсеткен жігіт Қазнетті күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Беташарда ақша тастаудың жаңа жолын көрсеткен жігіт Қазнетті күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Беташарда ақша тастаудың жаңа жолын көрсеткен жігіт Қазнетті күлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде беташар өткізу сәтінен түсірілген видео пайда болды. Krutye_agashki парақшасында "Казах без понтов - беспонтовый казах" деген тақырыппен жарияланған видеода аты аталған қонақтардың бірі ерекше билеп, кейін түріктің танымал аспазы Нұсрет Гекченің әдісімен тиын тастайды. Жиналған жұрт бұған қол шапалақтап, мәз болады.

Осыдан кейін тағы бір қонақтың аты аталғанда ол ұялы телефонын көтеріп, онлайн аударым арқылы ақша жібергенін асабаға көрсетеді. Оның бұл әрекетіне де жұрт қырап-топан болады.

Айта кетейік, кешті жүргізген әзілкеш Арман Жаналиев. Қолданушылар қонақтардың әзілі өтімді болғанын айтқан. 

"Көңілді әрі заманауи қонақтар! Бұдан артық не керек? Бірі билейді, екіншісі көрімдікті каспи голдқа аударады", "Жарайсың, көңіл-күйді көтеріп тастадың!", "Өтті", "5000 берсе ұшып кетер еді", "Бастысы Реал Мадрид жанкүйері, жарайсың" деп пікір жазған қолданушылар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети