Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 сентября 2019 18:49

"Күлдік те қойдық". Белгілі актер Болманов пен Бесбаевты сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі актер Досхан Жолжақсынов жақында ғана мәдениет саласында кеңесші болып тағайындалған Қыдырәлі Болманов пен Мейрамбек Бесбаевты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Белгілі актер Досхан Жолжақсынов жақында ғана мәдениет саласында кеңесші болып тағайындалған Қыдырәлі Болманов пен Мейрамбек Бесбаевты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасына берген сұхбатында актер билікке барғысы келмейтінін айтты.

"Мен билікті ойласам, баяғыда-ақ осыған атсалысар едім. Мен де біреуге бірдеңе берер ме едім. Жалпы, әркім өзінің қолынан келетін шаруамен айналысқаны дұрыс. Біз бүгін далбасалап, қолымыздан келмейтін шаруалардың біразына құрық сілтеп, өзімізді де, отбасымызды да құртып алдық", - дейді ол.

Ал билікке барған күннің өзінде ол өзгертетін шаруаның көп екенін айтады.

"Өзгертетін шаруа шаш етектен. Мен түгілі, мемлекеттің қолынан келмей жатқан шаруа. Сондықтан мен барсам, коммунизм орнатамын деп айту қиын. Мүйізі қарағайдайлардың талайы келіп, талайы кетті. Өзгерте алмады. Бірақ өз саламда қолымнан келген дүниелерді айтып қалуға, астарлап болса да, көрсетіп қалуға тырысып келе жатырмын", - деді Досхан Жолжақсынов.

Сонымен қатар, сұхбат барысында актер билікке бетбұрып жатқан өнерпаздарды сынады.

"Мен тура осы үрдісте биліктің осалдығын көремін. Мысалы, сол кеңесші не кеңес айтады? Бүгінде не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты бар. Бұл не бұлардың қолынан келмейтін шаруа ма? Әкімдікті алайық. Әрқайсында мәдениет департаменті бар. Оған білімі бар адамдар баруы керек. Сол өнермен, сол саладағы рухани дүниелермен түс көріп оянатын адамдар баруы керек. Үлкен биліктегі адамдар жұмыстан босаған кезде кеңесшілікке барады. Мұның статусы не? Қай жағынан қандай кеңес береді? Біріншіден, бұл езу тартқызатын дүние. Біз күлдік те қойдық", - деді актер.

Айта кетейік, қыркүйектің басында Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі атанған еді. Ал Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети