Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 октября 2019 12:55

"35 рет пышақтаған" - Бизнесмен әкесін өлтірген әпкелі-сіңлілі Хачатуряндардың ісі қалай өрбіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Крестина, Ангелина және Мария Хачатуряндардың қылмыстық ісі барша жұртты дүрліктірді. Олар 57 жастағы әкесі Михаил Хачатурянды өлтірді деп айыпталған. Жәбірленуші мойнынан және жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған. Қылмыстық оқиға болған кезде олар 19, 18, 17 жаста болған. Оқиға 2018 жылы 27 шілдеде Ресейдің Мәскеу түбіндегі Алтуфьев тасжолының бойында орналасқан 56 үйде болған. Сол жылы 28 шілдеде қыздар кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған. Биыл 14 маусымда тергеу оларға ұйымдасқан топпен алдын ала келісім арқылы кісі өлтірді деген айып таққан. Әпкелі-сіңлілі Хачатуряндар ісі қалай өрбіді? Tengrinews.kz тілшісі атышулы іске шолу жасады. 


Крестина, Ангелина және Мария Хачатуряндардың қылмыстық ісі барша жұртты дүрліктірді. Олар 57 жастағы әкесі Михаил Хачатурянды өлтірді деп айыпталған. Жәбірленуші мойнынан және жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған. Қылмыстық оқиға болған кезде олар 19, 18, 17 жаста болған. Оқиға 2018 жылы 27 шілдеде Ресейдің Мәскеу түбіндегі Алтуфьев тасжолының бойында орналасқан 56 үйде болған. Сол жылы 28 шілдеде қыздар кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған. Биыл 14 маусымда тергеу оларға ұйымдасқан топпен алдын ала келісім арқылы кісі өлтірді деген айып таққан. Әпкелі-сіңлілі Хачатуряндар ісі қалай өрбіді? Tengrinews.kz тілшісі атышулы іске шолу жасады. 

Михаил Хачатурян деген кім?

Хачатурянды көршілері қылмыстық беделді наркодиллер деп санаған. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ол ресми түрде ешқайда жұмыс істемеген. Ол "маңызды" адамдарды бір-бірімен таныстырып, ақысына қыруар қаражат алып отырған. Оның үйі суық қаруға толы болған. Ал Audi Q7 автокөлігінен екі келі героин табылған.

Оқиға қалай болды?

Тергеу барысында Михаил Хачатурян оқиға болған күні Соловьев атындағы психоневрологиялық орталықтан емделіп келіп, қыздарын банктік картадағы ақшаны шамадан тыс пайдаланғаны үшін және пәтердегі "былық" үшін жазалағаны анықталған.

Ер адам қыздарды бір-бірден бөлмесіне шақырып, әрқайсының көзіне бұрышталған баллон шашқан. Салдарынан үлкен әпкелері Крестинаның астма ауруы өршіп, есінен танып қалған. Әпкелерінің денсаулығына алаңдаған Ангелина мен Мария әкесіне шабуыл жасаған.


Михаил Хачатурян

Михаил Хачатурянға қыздары бір уақытта балтамен және аңшылыққа арналған пышақпен шабуылдаған. Әкелері есін жиып, қашуға әрекет жасаған. Крестина оның көзіне бұрышталған баллон шашып, дәліздегі баспалдаққа қашқан. Артынан әкесі қуып жеткенде Ангелина Марияның қолындағы пышақты алып, Михаил Хачатурянның жүрек тұсына соққы жасаған. Кейбір деректер бойынша, Михаил Хачатурянға 35 рет пышақ ұрған. 

Өзін-өзі қорғау ма? Қасақана жасалған іс пе?

Оқиға болғаннан кейін ұсталған қыздар қылмыстарын бірден мойындаған. Алайда қылмыстық іс бойынша пікір екіге жарылған. 

Тергеушілердің сөзінше, қыздар әкелері Михаил Хачатурянды қасақана өлтірген. Айыптаушы тарап қыздар әкелерінің ұйқыға кеткенін күтіп, артынша алдын ала дайындап қойған суық құралдармен өлтірген деген пікірді алға тартқан. Ангелина - балғамен, Мария - аңшылыққа арналған пышақпен, ал Крестина әкесі қарсылық танытпауы үшін бетіне бұрышталған баллон шашып жіберген. 

Ал қыздардың адвокаттары тағылып отырған айыппен келіспейтінін жеткізген. Адвокаттар тарапы олар мұндай іске аяқ-асты барғанын, сондай-ақ мұның тек өзін-өзі қорғау әрекеті екенін мәлімдеген. Сараптама нәтижесі бойынша, соңғы шабуыл шамамен Михаил Хачатурян қыздарын тәртіпсіздіктері үшін бөлмесіне бір-бірден шақырып, көздеріне бұрышталған баллон шашып, "жазалап" жатқан кезінде болған.


Ангелина Хачатурян

Ангелинаның адвокаты Алексей Паршинның сөзінше, қыздарға әкелері тарапынан бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетілген. 

"Зорлау әрекеті үнемі жалғасып келген. Олардың бұл әрекеті қыздарға жасалып отырған қастандықты тоқтату мақсатында жасалған", - деп мәлімдеді адвокат Алексей Паршин.

Тергеу барысы қалай жүрді?

Қылмыстық іс бойынша алғашқы отырыс 2018 жылы 30 шілдеде болған. 28 шілдеде ұсталған қыздарды сот тұтқындауды 72 сағатқа созған. 2018 жылдың 2 тамызында Мәскеудің Останкино сотының шешімі бойынша қыздар тағы 2 айға қамалған. Төрт күннен кейін іс тергеу комитетінің орталық аппаратына берілген. Абақтыда отырған қыздарға білім алып, психологтармен жұмыс істеуге мүмкіндік берілген. Қыркүйектің басында кенже қыз қылмыстық іс болған кезде ақыл-есінің түзу болмағаны анықталып, оны Бутыр түрмесінің психиатриялық бөліміне ауыстырған.


Әпкелі-сіңлілі Хачатуряндардың әкелерін өлтіргеннен кейінгі алғашқы кадр

Тамыздың ортасында қыздар ашық мәлімет бергеннен кейін тергеу нәтижесі бойынша оларға Михаил Хачатурянның тарапынан "аморальды әрекеттер" жасалғаны анықталған. Сараптама нәтижесі бойынша да сотталушылардың әкесі психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылық жасағанын анықтаған. 

Бір айдан кейін Мәскеу қаласының Басман соты қыздарды бұлтартпау шарасын белгілі бір әрекеттерге тыйым салу арқылы қамаудан босатқан. Қыздарға ұялы телефон мен интернетті пайдалануға және өзара араласуға тыйым салынған. Сонымен қатар, тұрғылықты орындарынан кешкі уақытта кетуге және куәгерлер мен БАҚ өкілдерімен сөйлесуге тыйым салынды. 

Қыздардың ағасы Генадик Мусаелян мен оның әйелі әрі Михаил Хачатурянның әпкесі Наира Хачатурян қыздардың бостандыққа шығуына байланысты шағым түсірген. 2019 жылы ақпанда Михаил Хачатурянның анасы сот арқылы Кристина Хачатурянды пәтерден шығарған. Ал қыздардың өзі әкелерінен қалған мұрадан бас тартқан. 

Сот бірнеше рет бұлтартпау шараларының мерзімін ұзартқан. 2019 жылы 14 маусымда тергеу нәтижесі қыздарға ұйымдасқан топпен алдын ала келісу арқылы кісі өлтірді деген айып таққан. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі бойынша бұл іске 8 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Сот әпкелі-сіңлілердің белгілі бір әрекеттеріне тыйым салуды 28 қазанға дейін созған. 

Қыздардың анасы қайда болған?

2015 жылы Михаил Хачатурян әйелі Аурелия Дундукты қыздарымен араласуға тыйым салып, үйден қуып шыққан. Оған дейін ол ұлы Сергеймен де араласпай кеткен. Аналарының айтуынша, ол Михаил Хачатурянның жасап келген зорлық әрекеттерін қыздары ұсталған кезде ғана білгенін айтқан. 

Аурелия Дундуктың сөзінше, Хачатурянның Алтуфьево ауданында учаскелік полиция өкілдерімен жақсы таныс болған. Себебі бұған дейін өз атынан полиция өкілдеріне жазған шағымдардың бәрі күйеуінің қолында болған. 

Қыздардың анасы Аурелия Дундук

"2000 жылдардың аяғында мен күйеуіме шағым түсіріп, учаскелік полиция өкілдеріне қалдырып кеткенмін. Ал келесі күні ол сол шағымды алып келіп, көзімше жыртып тастаған", - деген еді әйелі Аурелия Дундук. 

Ал бүгін Желіде қыздардың оқиға болған күні полиция өкілдеріне хабарласқан аудиожазбасы пайда болды. 

"Вконтакте" желісінде пайда болған жазбада қыздардың бірі пәтерде қылмыс жасалғанын хабарлаған. Сонымен қатар әкесі оларға пышақпен шабуыл жасағанын айтқан. 

Бүгінде қыздар бостандықта. Қазір қыздарға бір-бірімен араласуға және оқиға куәгерлерімен байланысуға тыйым салынған. Сондай-ақ оларға тергеушінің рұқсатынсыз сағат 21:00-ден кейін тұрғылықты жерінен шығып кетуге тыйым салынған. 

"Олар үшін ең қолайсыз нәрсе - бір-бірімен араласуға мүмкіндіктің жоғы. Олар бірге өмір сүріп үйреніп қалғандықтан бір-бірін сағынады", - дейді адвокат Алексей Паршин.
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети