Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 октября 2019 16:46

"Нағыз Тука ғой" - Ән айтқан қос бүлдіршін Желіні сүйсіндірді

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұстаздар мерекесінде əн айтып, ерекше харизмасымен жұртты сүйсіндірген бала мен қылықты қыздың Желіде тараған видеосын Қазнеттегілер жылы қабылдады. Tengrinews.kz тілшісі сол балалардың ата-анасымен тілдесті.


Ұстаздар мерекесінде əн айтып, ерекше харизмасымен жұртты сүйсіндірген бала мен қылықты қыздың Желіде тараған видеосын Қазнеттегілер жылы қабылдады. Tengrinews.kz тілшісі сол балалардың ата-анасымен тілдесті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Назым Султашева (@nazym_sabka)

Ұлдың есімі - Айасыл, қыз - Сабина екен. Екеуі де Алматы облысы, Қаратал ауданы, Сарыбұлақ ауылының Сарыбұлак бастауыш мектебінің 1-сынып окушылары. Видеоның тарап кетуіне себепкер болған Сабинаның анасы Назым Сұлташева.

"4 қазанда мектепте ұстаздарға арналған кеш ұйымдастырылды. Онда біздің балалар өнер көрсетті. Оларды видеоға түсіріп, Instagram-ға салғанмын, тарап кетіпті", - дейді ол. 

Назым Сұлташева үш қыздың анасы, Сабина үйінің ортаншысы. Оның айтуынша, қызы жан-жақты болып өсуі үшін мектептегі әр түрлі іс шараларға қатыстырады екен. 

"Олардың болашағы алда, кішкентай кезінен бәріне қатысып, ашылғанын қалаймыз. Өзі ән айтып, би билегенді, сурет салғанды жақсы көреді. Сабақ үлгерімі жақсы. Болашақта дәрігер де, суретші де болғысы келетінін айтады", - дейді Назым Сұлташева.

Сабинаның ата-анасы видеоның желіге тарап кеткеніне қарсы еместігін айтты. 

"Балапандар ғой, бәріне ұнап жатқанына қуандым. Қылықтары тәтті болған соң барлығы қызықты. Видеоның желіде осылай қызу талқыға түскенін Айасылдың ата-анасы білген жоқ, мен хабарлап айттым. Соңғы жүктеген видео да жарты сағатта тез тарап кетті", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Назым Султашева (@nazym_sabka)

Назым Сұлташева Сарыбұлақ ауылына отбасымен осы жазда көшіп барыпты. Жолдасы сол жердікі екен. Қыздары Нұр-Сұлтанда туған.

Ал жұртты харизмасымен таңғалдырған Айасылдың ата-анасы бұл жерде тұрып жатқандарына 4 жыл болыпты. Отбасында 4 бала, Айасыл үшіншісі екен. Анасы оның өзі жүргенде пародия жасайтынын айтады.

"Тақпақты тез жаттайды және кейін ұмытып қалмайды. Математикаға қызығады. Өскенде басшы боламын дейді. Үйде сурет салып, жазу жазумен айналысады. Балаларды оқуға баулып, білімін беріп жатқан ұстазы Гүлмира Қуатқызына көп рақмет", - дейді анасы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети