Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 октября 2019 15:10

Аты қандай, заты қандай: Созақ пен Түлкібас атаулары қайдан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Созақ пен Түлкібас аудандарының атауы қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы аудандардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.


Түркістан облысындағы Созақ пен Түлкібас аудандарының атауы қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы аудандардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

"Халық тұратын мекен"

Созақ - Түркістан облысының солтүстігінде орналасқан аудан. Ол 36 елді мекеннен құралған. Аудан орталығы Шолаққорған ауылы саналады.

Бұл аудан адам баласы мекендеген ең көне өңірлердің бірі саналады. Ол жерден қола дәуіріне жататын суреттер табылған.

Ал Созақ ауданы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 1928 жылы құрылған. 2019 жылғы дерек бойынша, ауданда 61 512 адам тұрады.


© otyrar.kz

"Созақ" сөзін көне жазбалардан кездестіруге болады, мұнда ол "Ұзақ жер", "Ұлы жер" деген мағынаны білдіреді. Ал ескі түрік тілінде "созақ" сөзін "халық тұратын мекен" деп аударуға болады.

Ауданға Созақ атауының берілуіне байланысты ел аузында аңыз бар. Бұрын сол маң сазды болған деседі, сол саздың үстінде көлшік жатқан екен. Су бертін келе сәл тартылып қалғанымен, ол жерге көктемде құстар ұшып келіп, мекендепті.

Сөйтіп, сол маңды мекендейтін халық саз үстіндегі көлшікті "Зәк суы", "Суы зәк" деп атайды екен. Артынша, "суызәк" сөзі пайда болып, кейін ол ауызекі тілде қысқартылып, "созаққа" айналған деген аңыз бар.

"Халық сенбеген әулие"

Түркістан облысына кіретін, атауының тарихы аңызға айналған тағы бір аудан - Түлкібас. Ауданның орталығы - Тұрар Рысқұлов ауылы.

Түлкібас орналасқан мекенді бұрын Майлыкент деп атаған. Мұрағат құжаттарында оның негізі 1928 жылы қаланғаны айтылған. Биылғы дерек бойынша, ауданда қазір 111 250 адам тұрып жатыр. Аудан қарамағына 13 ауыл кіреді.

Түлкібас атауының шығуына байланысты ел аузында тарап жүрген бір аңыз бар. Бұрын сол өңірде Түлкібас деген әулие өмір сүрген. Ол көп адамды емдеп жазғанымен, оның әулиелігіне сенбейтіндер көп болған екен.


© otyrar.kz

Аңыз бойынша, Түлкібас әулие бірде түйесін Қосемшек төбесіне қарай жетектеп бара жатқанда, оған сенбейтіндер артынан әжуа етеді. Оған намыстанған әулие сол адамдарға қарай түкіріп жіберген екен. Сол кезде күліп тұрған 12 адам бір-бір бұлаққа айналып кеткен. Ел-жұрт сол жағдайдан кейін Түлкібастың әулиелігіне сене бастайды. Ауырған адам Түлкібас әулиенің түкірген жері деп, бұлақтан су ішеді екен.

Әулие о дүниеге аттанар алдында өзін Қосемшек төбесінде жерлеуді сұрайды - халық оның соңғы сөзін бұлжытпай орындайды. Бірде елге жау келе жатыр деген хабар естіледі. Бірақ елге жақындаған кезде жаудың аттары орындарында тұрып, алға жүрмей қояды. Сөйтіп, амалы қалмаған жау кері қайтқан екен. Мұны ел Түлкібас әулиенің қасиеті деп балайды.

Тағы бірде елде қуаңшылық болып, халық ашаршылыққа ұшырайды. Сөйтіп, бәрі жиналып, Түлкібас әулиенің басына келіп, көмектесуді сұрайды. "Көмектессең, атыңды ешқашан ұмытпаймыз" деп уәде береді. Сол сәтте жаңбыр сіркіреп, кейін ол ақ жауынға ұласқан екен. Содан бері жұрт сол аймақты Түлкібас атап кеткен.  

Оқи отырыңыздар:

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Ауылға неге Жалаңаш деген атау берілген?

Аты қандай, заты қандай: Арыс пен Шемонаиха атаулары қайдан шыққан?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети