Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 декабря 2019 17:21

"Араласпаймыз". Мұқасан Шахзадаев "Нұр-Мұқасан" тобының неге тарап кеткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Нұрлан Қонысбаев пен Мұқасан Шахзадаев © instagram.com/mukassan Нұрлан Қонысбаев пен Мұқасан Шахзадаев © instagram.com/mukassan

Әнші Мұқасан Шахзадаев "Нұр-Мұқасан" тобы неліктен тарап кеткенін және топ мүшесі Нұрлан Қонысбаевпен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді. Бұл туралы әнші YouTube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасындағы сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Мұқасан Шахзадаев "Нұр-Мұқасан" тобы неліктен тарап кеткенін және топ мүшесі Нұрлан Қонысбаевпен не үшін араласпай кеткенін түсіндірді. Бұл туралы әнші YouTube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасындағы сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әншінің айтуынша, таныстығына 30 жылға жуық уақыт болған топтың қайта қосылуына өнердегі біраз адам әрекет еткен. 

"Бауырларыммен отырып, сөйлескен күндер болған. Бірақ ол жерде жігіттердің көзінше айтатынымды айтып бердім. Былай, былай болды деп. Ары қарай өздерің шешіңдер дедім. Менің қосар дымым жоқ", - дейді әнші. 


Мұқасан Шахзадаев © instagram.com/mukassan

Әншінің айтуынша, олардың арасында ақша мәселесі де көтерілген көрінеді. 

"Мәселе ақшаның сомасында емес. Ең бастысы - көңіл. Қаншама жыл жүріп досың сені сондай күйге қалдырады деп... Бірақ мен оны қозғаған да емеспін. Ол жайлы әңгіме де болған емес. Оның бәріне көз жұмғанмын. Жүректе дақ бар. Оның менің әкеме тіл тигізген сөздері, өзіме тіл тигізген сөздері бар. Мен сол сөзге бола шын мәнінде қатты ренжідім. Бірақ оған ақша, дүниенің еш қатысы жоқ. 

(...) Кейіннен екеуіміздің бөлек кетуіміздің де себебі - мен бұрынғы Нұрланымды таппай қалдым. Ол енді отбасы болғаннан кейін, үйленіп, есейгеннен кейін ондай болады", - дейді Мұқасан Шахзадаев. 

Журналистің топтың тарауына Мұқасан Шахзадаев кінәлі ме, жоқ па деген сұрағына әнші былай деп жауап берді:

"Өзімді кінәлімін деп санамаймын. Бірінші, оны бір Алла біледі. Бірақ өз басым өзімді кінәлімін деп санамаймын. Нұрланды да қатты кінәлай алмаймын. Әрине, біз ырымшыл халықпыз. Бәлкім тіл-көз, бәлкім арамызға от салған адамдар бар шығар (...). Қазір араласпаймыз", - деді әнші. 

Дуэттің өнер жолы 1990-жылдардың басында "Бауыржан шоу" театрынан басталған. Топтың "Махаббат мәңгі ертегі", "Құдаша қыз", "Не пайда", "Бақытыңды жырлайды", "Іздеймін сені", "Неткен өмір" атты әндері жұртшылыққа кең таралған.


"Нұр-Мұқасан" тобы және Бауыржан Ибрагимов © instagram.com/mukassan

Айта кетейік, топтың тарап кеткені туралы ақпараттар 2016 жылы шыққан еді. Алайда артынша топ бірде қосылып, қайта тарап кеткен. 2017 жылы Мұқасан Шахзадаев жеке шығармашылығымен айналысып жүргенін мәлімдеген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети