ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 декабря 2023 | 10:18

"Жүгері орылмай қалды". Алматы облысында шаруалар шығынға батты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Жүгеріге сұраныс азайып, баға екі есеге арзандап кетті. Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биылғы баға небәрі 60 теңгеден аспайды. Бұл диқандардың жаздай еңбегі мен шығынын мүлдем өтемейді. Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтары жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жүгеріге сұраныс азайып, баға екі есеге арзандап кетті. Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биылғы баға небәрі 60 теңгеден аспайды. Бұл диқандардың жаздай еңбегі мен шығынын мүлдем өтемейді. Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалықтары жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Шелек өңірінде қазір 40 пайыз ғана жүгері шабылды. Қалған 60 пайыз сол күйінде алқапта тұр. Неге десеңіздер шаруа қожалықтарына өткізетін жер жоқ. Өзім жүгерімді шаба алмай қалдым. Қазірдің өзінде мойнымда 20 миллион теңге қарызым бар. Мен сияқты ондаған шаруа не істерін білмей, шарқ ұрып жүр. Облыстық ауалшаруашылығы басқармасы ешқандай қолдау білдірмей отыр. Біз өнімді қайда өткіземіз сонда? Қазіргі жүгерінің бағасы өнімнің ылғалдығына қарап белгіленеді. Мысалы, Шелек ауылында үлкен жүгері сұрыптап, кептіретін элеватор тұр. Ол жеке меншікте. Жұмыс істемейді. Соны халық игілігіне беріп, жаратса болатын еді ғой", - дейді шаруа қожалығының басшысы Мунардин Османов.

Облыста жиналған жүгеріні сақтап, кептіретін қойма тапшы. Шаруалар содан қиналады. "Тіпті, көрші Қытай еліне де өнімді өткізе алмаймыз" дейді диқандар. Сонымен қатар, бас қосуда жайылым әрі суармалы жер тапшылығы, субсидияның уақытылы төленбеуі сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр

"Шаруалар шағымын тыңдадық. Осы кісілерді парламентке шақырамыз. Сол жерде сауда, ауылшаруашылық, экология министрлігі өкілдерімен жер мәселесі комитетінің қызметкерлерімен кездесу өткіземіз. Туындаған сұрақтар жауапсыз қалмайды", - деді мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer