Кредит пе, баспана ма: қазақтың тойы қалай өзгеріп жатыр

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кредит пе, баспана ма: қазақтың тойы қалай өзгеріп жатыр Фото:depositphotos.com

Кейінгі кезде жастар үйлену тойына ақша жұмсағанша, сол қаражатты үйдің алғашқы жарнасына немесе саяхатқа жұмсауды жөн санайды. Бірақ бұл ұсынысқа көбіне ата-аналар қарсы болады. Оның үстіне қымбатшылық қысып тұрған заманда билік өкілдері де "той мен артық жиынды азайту қажет" деп отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі кезде жастар үйлену тойына ақша жұмсағанша, сол қаражатты үйдің алғашқы жарнасына немесе саяхатқа жұмсауды жөн санайды. Бірақ бұл ұсынысқа көбіне ата-аналар қарсы болады. Оның үстіне қымбатшылық қысып тұрған заманда билік өкілдері де "той мен артық жиынды азайту қажет" деп отыр.

Tengrinews.kz тілшісі "той – жастардың бақытты өмірінің кілті ме? Қазақ тойына қандай өзгеріс қажет?" деген сұрақтарға жауап іздеді.

"Той – қазақтың қызыл кілемі"

Алматы тұрғыны Айнагүл Алданқызы бес баласына да той жасаған. Оның айтуынша, той – қазақтың "қызыл кілемі".

– Кенже қызым: "Мама, тойға жұмсаған ақшаны бізге беріңіздер, үй алайық" деді. Бірақ біз оған келіспедік. Үйді өздерің алыңдар, ал той жасау – ата-ананың міндеті дедік. Біз де туған-туыстың тойына барып, тойанасын атап, сыйлықтарымызды бердік. Қуаныштың да, қайтымның да жолы бар. Оның үстіне тойды жастар өз қаражатына жасамайды, келген қонақ өзінің орнын ақтауға тырысады. Әрине, ешкім тойды "шығыным ақталсын" деп жасамайды. Негізгі ниет – ағайын-туысты жинап, бата алу. Құдалық, төсек-орын апару, тоймал атау, қыз ұзату сынды дәстүрімізді "ақша үнемдеу үшін" тоқтауға әсте болмас?! Әр нәрсенің өз орны бар. Басқа саланы қысқартса да, қазақтың тойына тиіспеу керек. Бұл – алыс-жақын ағайынның жиналып, арқа-жарқа болатын, барын киіп, бақанын түйіп баратын - қызыл кілемі. Үйді де, саяхатты да тойдан кейін жастар өзі алып алады. Үкімет айтқан аста-төк тойды, бес метрлік торт пен миллион гонорары бар әншіні, отшашуды қарапайым халық емес, бай-бағландардың өзі жасап жүр. Қысқартса, шығынды солар қысқартсын. Біздікі – өз арамыздағы алыс-беріс, қуанышты бөлісу. Бес баламның да тойын Алматыда жасадық, тойдан кейін қиналып қалған жоқпыз. Бір той өзін ақтады, енді бірі ақтамады. Бірақ қай қазақ тойды "шығын өтесін" деп жасайды?!

"Той – бақыттың кілті емес"

Мөлдір Махмудаева, фото жеке архивтен

Атырау тұрғыны Мөлдір Махмудаева әзірге тұрмыс құрмағанымен, өзінің тойын қандай форматта өткізгісі келетінін ойластырып қойған.

– Тойды бақыттың кілті деп есептемеймін. "Ғасыр тойы" деп аталып жатқан лауазымды адамдардың некесінің ұзақтығы қымбат тойдың сапасына сәйкес келмей отырғанын да көріп жүрміз. Әркім көрпесіне қарай көсілуі керек. Шамаң бес адамға жетсе – бес адам, бес мың адамға жетсе – ол да дұрыс. Бірақ бақыттың кілті тойда емес. Егер той немесе саяхат деген таңдау болса, мен шағын ғана, қымбат емес той жасап, саяхатқа барушы едім. Мен үшін ең тамаша нұсқа – екі жақтың ата-анасының батасын алып, ең жақын деген туыстарымызбен бірге саяхаттап той өткізу. Жүз елуінші танысыңның мың рет қайталанған тілегінен гөрі, құлаған сәтіңде де, қуанышыңда да жаныңнан табылған жақындарыңмен бірге тойлау әлдеқайда қымбат. Солармен бірге саяхаттау – нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

"Дамушы елдер үшін той – статус"

Әсел Қайролла, фото жеке архивтен

Жеті жылдан бері Түркияда тұрып жатқан журналист Әсел Қайролла түрік ағайынмен салыстырғанда, қазақтың ойында аста-төк ысырапшылдық көп дейді. Айтуынша, тойға көбіне дамушы немесе дамымай қалған елдер мән береді.

– Жалпы, тойға дамушы немесе дамымай қалған елдер қатты мән беріп, оны статустың көрсеткіші ретінде қабылдайды. Түркияда да солай. Мұнда тойханалар негізінен әлеуметтік жағдайы орташа немесе төмен адамдарға арналған. Біздегідей үлкен мейрамханалар көп емес. Зәулім орындарда тек ауқатты адамдар той жасайды. Бірақ басты айырмашылығы – тойханалар тек жалға беріледі, оның ішіне ас мәзірі кірмейді. Дастарханға жеңіл тіскебасар мен су қойылады, жағдайы жоқтар тек торт таратады, су да қоймайды. Біздегідей шашылмайды, ысырапшылдық жоқ.

Қазір жастар көбіне теңіз жағасындағы мейрамханада жақындарымен ғана атап өтеді дейді.

Бірінші, екінші ыстық тамақ, асаба, әнші-биші жалданбайды. Тойда "халай" биін билеп, тәтті жеп, жастарға бақыт тілеп, келінге ақша немесе алтын тағып қайтады. Ал біздегі тойларда дастарханнан не жеріңді білмей отырасың. Мұнда тойдың негізгі мақсаты – екі жасқа бақыт тілеп, үлкендердің батасын алу. Бізде халықтың өзі тойды шығынға айналдырып жіберген сияқты. Несиеге той жасау деген тіпті абсурд. Жағдайың жетпесе, бір мал сойып, шағын құдалық жасауға да болады. Меніңше, тойға тыйым салудан ештеңе шықпайды. Үйлену тойы барлық елде бар, тек формасы мен масштабын өзгерту керек. Ал сүндет той, тұсаукесер, зейнетке шығу, тілашар, шілдехана, 50, 60, 70 жылдық мерейтойларды тек отбасы ішінде атап өтсе жеткілікті.

"Той – экономикалық мүмкіндік"

Динара Әбілденова, фото Жас Алаш газетінен

Аталған саланы зерттеп жүрген антрополог, ғалым Динара Әбілденованың да пікірін білдік. Ғалымның айтуынша, той жасауға қарсы адамдардың өзі - қоғамдық норма үшін жұртты жинап жатады.

– Тойды ысырапшылдық деп сынайтындар көп. Ал сіздің зерттеуіңізде той индустриясы – халықтың күнкөріс көзі екені көрсетілген. Қоғам үшін той тек шығын емес, экономикалық мүмкіндік ретінде де қарастырыла ма?

– Ысырапшыл деп сынайтындар бар, бірақ бұл олардың той жасамайды дегенін білдірмейді. Қанша сынаса да, ақшасы болмаса да, қоғамдағы қалыптасқан нормаларға байланысты той жасауға мәжбүр. Себебі сырттан сынау оңай, ал өз басыңа келгенде қоғам нормаларының қысымын сонда ғана сезесің. Нарықтық экономика заманында той – ақша табудың көзіне айналды. Әсіресе, қазір дипломмен жұмыс таба алмай жүрген жастар немесе қолөнермен айналысатындар үшін бұл қосымша табыс, кейде негізгі жұмыс көзі. Бірақ тұрақты табыс деп қарауға болмайды, себебі тойдың өзі маусымдық. Қыста бұл бизнес тоқтап қалады.

Аймақтарда той көбіне бейресми экономикаға айналған. Мемлекет бұл саланы ресми тіркеп, салық жүйесіне енгізгені дұрыс па?

– Қазір мемлекет осыны қолға алып жатыр. Бұрын асабалар бейресми жұмыс істейтін, қазір талап күшейді. Табыстары өскен сайын көлеңкелі экономикада қалу мүмкін емес.

Сіздің зерттеуіңізде той тек экономикалық емес, әлеуметтік байланыс құрудың да тәсілі екені айтылған. Осы тұрғыда тойды мәдениет пен қоғамдағы интеграция құралы деп айтуға бола ма?

– Әлеуметтік байланыс құру ғана емес, бұрыннан бар қатынастарды ұстап тұру үшін де маңызды. Тіпті туыстықты сақтап қалудың бір жолы – осы жиындар. Қазір адамдар жұмыстан қолы босамайтындықтан, той басқосудың бір себебі болып тұр. Бірақ қоғамды толық интеграциялау құралы емес, тек белгілі бір нетворкинг сақталады. Той шығынын ата-ана толық өзі төлемейді, туыстар көмектеседі. Жастар "үй алам" десе, туыс ақша жинамайды. Ал той жасағанда туыстар көмек береді, кейін өздері той жасағанда қайтарымын күтеді. Бұл – процентсіз кредит секілді. Жастар мұны түсіне бермейді, себебі той процесіне араласпаған. Үлкендер бұл жүйені жақсы біледі. Сонымен қатар, үйдің үлкені, кенжесі, жалғызы деген фактор да әсер етеді. Қоғам "жалғыз қызыңа той жасамайсың ба?" деген сияқты сөздермен қысым көрсетеді. Бұл – жазылмаған ереже. Сондықтан жұрт қоғам ойынан шыққысы келеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" порталындығы ресми деректің хабарлауынша, биылғы жылдың 8 айында Қазақстанда 77 951 жұп некесін ресми түрде тіркесе, 226 803 сәби дүниеге келген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 4
Астана -3
Актау 1
Актобе -2
Атырау 1
Б
Балхаш -4
Ж
Жезказган -2
К
Караганда -1
Кокшетау -1
Костанай -2
Кызылорда -1
П
Павлодар 0
Петропавловск 0
С
Семей 2
Т
Талдыкорган 5
Тараз 5
Туркестан -1
У
Уральск -1
Усть-Каменогорск 6
Ш
Шымкент -6

 

Редакция Реклама
Социальные сети