ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 июня 2020 | 09:24

"Ресей мен Беларуське қосылу жоспарда жоқ". Тоқаев ресейлік журналистерге сұхбат берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Тұрар Қазанғапов Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстанның Одақтас мемлекет Ресей мен Беларуське қосылуды жоспарламайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстанның Одақтас мемлекет Ресей мен Беларуське қосылуды жоспарламайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен екіжақты форматта және интеграциялық бірлестік аясында (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) белсенді қарым-қатынаста. Одақтас мемлекетке, Ресей мен Беларуське қосылу жоспарымызда жоқ. Басым бағыт - осы аталған интеграция аясында әрі қарай даму", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстанның мүддесі ЕАЭО-ның экономикалық одақ ретінде даму әлеуетін күшейту екенін мәлімдеді. 

"ЕАЭО-ны жаһандық масштабтағы тиімді құрылымға айналдыра алар едік. Бұл бағыттағы жұмыстар бірте-бірте жүріп жатыр. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық, қаржы нарықтары құрылады. Әлеуетті бағыт - цифрлық әрекеттестік", - деді Мемлекет басшысы.

Ол Қазақстан азаматтарына Ресейдің "жақын мемлекет болғанын және солай қала беретінін" атап өтті.

Сонымен қатар, Тоқаев ресейлік журналистердің "кейбір сарапшылар Қазақстанда Қырымдағы немесе Донбасстағы жағдай қайталануы мүмкін" деген болжамына қатысты сұрағына жауап берді. Президент мұндай пікір айтушыларды "қастық ойлаушылар" деп атады.

"Псевдосарапшылардың мұндай болжамы ештеңеге сүйенбеген. Олардың ойы Қазақстанда жағдайды тұрақсыздандыру мен көршілес, одақтас қарым-қатынасты бұзу. Мұндай болжамды құзыры жоқ, қастық ойлаушы, өзгенің сөзін сөйлейтіндер айтады", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанда қос билік бар ма?" деген сұраққа да жауап берді.

"Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев - тарихи масштабтағы тұлға, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы. Жақында (6 шілдеде) оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның халық үшін атқарған және халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі туралы айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтау маңызды, бұл Қазақстан мемлекетінің нығаюы үшін керек. Сондықтан менің сайлауалды платформамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды", - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қазіргі ауыр жағдайда Назарбаев дағдарыстан тез шығу, жаңа экономика құру және азаматтарға материалдық қолдау көрсету туралы курсын қолдаған.

"Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтып, қазіргі президентті қолдап, бірігуге шақырды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer