ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
25 сентября 2024 | 18:03

Сенат төрағасы: АЭС елімізді таза және қауіпсіз энергия көзімен қамтамасыз етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері Абай облысына келді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, білім беру саласының мамандарымен және коммуналдық қызметтер саласындағы еңбек ұжымдарымен кездескен олар экологиялық және экономикалық проблемаларды шешу жолында АЭС салудың маңызына тоқталды.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халық штабының мүшелері Абай облысына келді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, білім беру саласының мамандарымен және коммуналдық қызметтер саласындағы еңбек ұжымдарымен кездескен олар экологиялық және экономикалық проблемаларды шешу жолында АЭС салудың маңызына тоқталды.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде қазіргі таңда климаттың өзгеруіне және экологияның нашарлауына байланысты бүкіл әлем түрлі сын-қатермен бетпе-бет келіп отырғанына назар аударды. Сондай-ақ ол уақыт өткен сайын электр энергиясының тапшылығы артып отырғанынтілге тиек етті. Бүгінде еліміздегі энергия өндірісінің негізгі көлемі, яғни 70 пайыздан астамы көмір электр стансаларына тәуелді. Штаб мүшелері "Приречное агрофирмасы" ЖШС-ның базасында облыстағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, "Эйкос" ЖШС-ның кәсіпкерлерімен және қызметкерлерімен, сондай-ақ, коммуналдық сектор кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесулерде аталған мәселелерді талқылады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді. Атом электр стансасы – көмірқышқыл газының шығарындыларын және көмірге тәуелділікті азайтудың ең тиімді жолдарының бірі. АЭС-тің көмір стансаларынан айырмашылығы зор. Аталған сала қоршаған ортаны улы газдармен, күлмен немесе құрамында мұнай өнімдері бар зиянды қалдықтармен ластамайды. Бұл – атом энергиясы табиғатқа зиян келтірмейтін, экономикамыздың дамуына тың серпін беретін таза және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етеді деген сөз", – деді Палата Спикері.

Білім беру саласының қызметкерлерімен кездесуде Мәулен Әшімбаев АЭС салу мәселесіне кешенді көзқарас қажет екенін айтты.

"АЭС-тің қауіпсіздік мәселесі көпшілікті алаңдатып отырғанын білеміз. Мұндай алаңдаушылыққа өткен ғасырда болған ядролық сынақтар мен апаттар себеп екені анық. Осы ретте қазіргі атом стансалары сенімді, ең озық және тексерілген технологиялар арқылы салынып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл орайдаәңгіме III және III+ буындар туралы сөз болып отыр. Егер халық референдумға шығарылған мәселені қолдаса, елімізде атом электр стансасы ең жоғары әлемдік стандарттарға сай салынып, жабдықталады. Аталған істе адамдардың қауіпсіздігі негізгі басымдық болатыны сөзсіз", – деп,Сенат Спикері азаматтарды ел игілігі үшін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Суретті түсірген Әли Ғалым
Дайындаған: "Nur Media" ЖШС.
Тапсырыс беруші: М. Ж. Оспанов
"AMANAT" партиясы" ҚБ қаражаты есебінен төленді

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети