КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
11 декабря 2021 | 17:45

"Зарафшанға келін болып барғанда түсінбей қалдым". "Жұлдыздың жары" жобасында - Дана Есеева

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасылық өмірдің алғашқы кезеңіндегі қызық оқиғаларын әңгімелеп, олар туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атады. Бағдарлама қонағы Зарафшанға келін болып түскенде қандай қызық оқиға болғанын әңгімелеп берді.

"Шай құйып жүргенде, кейін кеселерді жинап, ішіне ақша салып береді. Зарафшанның ақшасы - басқа, сом. Қуанып жүрмін. Бәрін жинап, бір бума ақшаны Мейіржанға көрсеттім. Ол "мына бума 200 теңге болады" деді. Сөйтсем, сомдары мүлде арзан екен. Олар бір-бір қағаздан салады. Әр 2 қағаз теңге ме, сондай екен", - деп күліп еске алды ол.

Блогер өздері туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атап, жұрттың желіде түрлі пікір айтып, қатыгез болып кетуіне карантиннің де әсері барын жоққа шығармады.

"Бірінші өсек - Мейіржан екінші күйеуім. Екінші өсек - екі балам Мейіржандікі емес. Үшінші өсек - Мейіржанның тоқалы бар. Халық "осы рас па?" деп жиі жазады. Жұрт соған сенгісі келетін сияқты. Халық карантиннен бе, неден екенін білмеймін, қатыгез болып кетті. Жақсы істерді көрмейді, адам сүрініп қалса ғана содан үлкен проблема шығарып алады. Пікірлерді оқысаң, тек бізді емес, басқа да әртістерді бәрі қосылып жамандап отырады", - деді бағдарлама қонағы.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer