"Қонақжайлығымызды" танытып, Финляндиядан әдейі жеңілеміз бе?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ҚФФ Фото: ҚФФ

Бірнеше сағаттан кейін футболдан Қазақстан құрамасы мен Финляндия матчі басталады. Бұл қазақстандық футболшылардың 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында ойнайтын соңғы матчі болады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бірнеше сағаттан кейін футболдан Қазақстан құрамасы мен Финляндия матчі басталады. Бұл қазақстандық футболшылардың 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында ойнайтын соңғы матчі болады. 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің D тобында соңғы орында тұр. Іріктеудің бітуіне екі тур қалды, құрамамыз әлем чемпионатының жолдамасы берілетін бірінші орыннан қағылды, ғажайып жағдай болмаса, екінші орынның да ауылы алыста тұр. Ал бүгін қонаққа келетін Финляндия құрамасының топта екінші орын алуға мүмкіндігі сақтаулы.

Сондықтан болар, кеше өткен баспасөз мәслихатында әріптесіміздің құрама бас бапкері Талғат Байсуфиновке айтқан ұсынысы бүгінде Желіде тарап жатыр. Көрмесеңіз, міне, осы видео:

Әріптесіміздің пайымдауынша, бүгінгі ойында Қазақстан жеңіске жетсе, одан пайда болмайды. Ал финдерге жеңіс ауадай қажет.

"Неге біз өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетіп, оларға жол бере салмаймыз?" - деп сұрады ол. 

Талғат Байсуфинов жымиды да, "ар-ұят пен намыс барын, командасы жеңіс үшін ойнайтынын" айтты. 

Біз бұрыннан "қонақжаймыз"

Осындайда ресейлік танымал "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиевтің 2017 жылы Нұр-Сұлтанда айтқан сөзі еске түседі. "Казахи" командасы Мәскеуде 15 жыл әдейі жеңілді, бүгін жеңісті соларға берейік" деген еді. 

Расында, Қазақстан футболшылары қаламаса да, қонақжайлығын білдіріп жүр. Ұлттық құрамамыз кейінгі рет "Астана Аренада" қашан жеңді? Есіңізге түсіре аласыз ба?

Білмесеңіз айтайық, қазақстандық футболшылар өз алаңында жанкүйерлерін жеңіспен қуанта алмай жүргеніне екі жылдан асты. Дәлірек айтқанда, кейінгі рет 2019 жылы маусымда "Астана Аренада" Сан-Марино құрамасын 4:0 есебімен жеңген едік. 

Қазақстан - Сан-Марино матчі. Фото: ҚФФ  

Содан бері Қазақстанда сегіз матч өтіп, оның екеуінде тең түсіп, алтауында жеңіліп қалыппыз. 

Осы статистикаға қарағанда, Қазақстан бұрыннан "қонақжай" команда. Жеңісті қолынан беріп, қонақ қалтасын ұпайға толтырып жібереді. 

"Астана Аренаға" келіп, Қазақстан құрамасын жеңгендер қатарында Беларусь, Литва, Кипр сынды еуропалық деңгеймен салыстырғанда ортаңқол командалар бар. 

Қазақстан - Беларусь матчі. Фото: ҚФФ  

Қонаққа барғанды жақсы көреміз

Тағы бір қызық статистика келтірейін. Қазақстан құрамасы өз алаңында ойнағаннан көрі сырт алаңда ойнағанды жақсы көретін секілді. Себебі қазақстандық футболшылар 2019 жылы маусымда "Астана Аренада" жеңгеннен кейін өз алаңында үш ұпай ала алмай жүргенін айттық. Ал содан бері сырт алаңда екі рет жеңген - 2019 жылы Сан-Маринодан, былтыр Литвадан басым түсті. 

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындары да бұған дәлел болып отыр. Биылғы іріктеуде алты матч өткіздік - үшеуі өз алаңымызда, үшеуі түзде. Өз алаңымызда бір мәрте, сырт алаңда екі мәрте тең түстік. 

Фото: ҚФФ 

Босния және Герцеговинаға қарсы екі матчты да мысалға келтіруге болады. Қыркүйектің басында Боснияға қонаққа барып, біздің футболшылар 2:2 есебімен тең түскен. Әдемі комбинациялар, қауіпті шабуылдар жасап, соңғы секундтарда есепті теңестірген еді. 

Ал 9 қазанда "Астана Аренада" дәл сол босниялықтарға азуын батыра алмай, қауқарсыз көрінді. Соған қарағанда, біздің футболшыларға жанкүйерлерінің алдында емес, сырт алаңда ойнаған тиімдірек болып тұр. 

Финдерді жеңуге төрт себеп

Әріптесіміздің Финляндияға жеңіс сыйлайық деген ұсынысына жауап берейік. Қазақстан үшін де бүгінгі ойынның маңызы зор. 

Біріншіден, Қазақстан құрамасына жанкүйерлер алдындағы жеңіс ауадай қажет. Әлем чемпионатына жолдама ала алмаса да, топта төртінші орын алып, Финляндиядан жоғары тұруға мүмкіндік бар. 

Екіншіден, бүгін жеңбесе, Қазақстан құрамасының сәтсіз сериясы тым ұзаққа созылып кетеді. Өз алаңындағы келесі матчін 2022 жылы наурызда өткізетінін ескерсек, құраманың жанкүйерлер алдындағы жеңіссіз сериясы кем дегенде үш жылға созылады. 

Үшіншіден, Талғат Байсуфиновке бүгінгі жеңіс ерекше болады. Себебі Байсуфинов құрама тізгінін 2016 жылы ұстаған, биыл бұл қызметіне оралды. Талғат Байсуфинов бапкер болған тұста құрамамыз Польша, Украина, Босния секілді командалармен тең түскенімен, әлі ресми матчте жеңіске жетіп көрмеген. Екі мәрте жолдастық ойында жеңгені бар. Сондықтан Байсуфинов жеңіс сериясын ашқысы келетін болар. 

Төртіншіден, Қазақстан өз тарихында Финляндияны ешқашан ресми матчте жеңіп көрмеген. Бұл біздің футболшыларымызды ынталандыруы керек. 2006 жылы жолдастық кездесуде 0:0 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында Қазақстан жеңіпті. Содан бері ресми ойындарда үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңіліс тауыппыз. 

Ал Финляндиядан кейін сырт алаңда қарашада әлем чемпионы Франция құрамасымен кездесіп, іріктеуді аяқтаймыз. Сондықтан іріктеуде жалғыз жеңіске қол жеткізудің жалғыз жолы - бүгін финн футболшыларынан басым түсу. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 26
Астана 27
Актау 26
Актобе 33
Атырау 33
Б
Балхаш 33
Ж
Жезказган 27
К
Караганда 27
Кокшетау 29
Костанай 37
Кызылорда 25
П
Павлодар 26
Петропавловск 30
С
Семей 30
Т
Талдыкорган 32
Тараз 36
Туркестан 29
У
Уральск 30
Усть-Каменогорск 36
Ш
Шымкент 28

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer