ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 ноября 2021 | 17:00

"Ұлымыз емі жоқ аурумен ауырды". "Жұлдыздың жары" жобасында - Жанаргүл Жаныаманова

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Қылышбек" ролімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген белгілі кино актері Рүстем Жаныамановтың жары Жанаргүл Жаныаманова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қылышбек" ролімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген белгілі кино актері Рүстем Жаныамановтың жары Жанаргүл Жаныаманова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында жарымен қалай танысқаны, ұлының қандай дертке шалдыққаны, өнердегі жолы, жарының кинодағы образдары туралы әңгімеледі.

Бағдарлама қонағы отбасындағы қиын кезең туралы әңгімелеп, көзіне жас алды.

"2017 жылдың басында үлкен ұлымыз қатты ауырды. Біздің медицинамыз бойынша оның емі жоқ, "смертельный ауру" деді. Жасы 3-те еді. Әлем бойынша зерттелмеген ауру екен. Жұмыс-жұмыс деп таңның атысы кештің батысы жүре беріппін, балаларым ұйықтап жатқанда көремін. Әжесі байқамаған. Тамақ жемейді екен, тек тәтті жейді екен. Екпе салуға шақырған, екпені тексермей қалған. Содан бастап ағзасында аутоимунды ауру дамыған. Басында білмедік, мұрны қанайтын болды. Тексеруге барсақ, тромбоциттері түсіп кеткен екен. Медицина ештеңе жасай алмаймыз деді, бақсы-балгер, бәрін араладық. Содан бастап рухани практикалармен айналыса бастадым. Түркістанға апардым. Жағдайы жақсара бастады. Әлі есепте тұр. Қазір жағдайы тұрақты, тромбоциттері көтерілді", - деді ол.

Ол көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген "Келінжан" сериалындағы Рүстемнің ролі туралы қызық жайтты айтты.

"Кастингке шақырған кезде продюсері, бәрі қалай жап-жас жігіт 50 жастағы мұғалімнің ролінде ойнайды деп қарсы болған екен. Оған дейін де біраз режиссер комедияға бармайды деп қарайтын. Ернар Нұрғалиев деген режиссер сеніп шақырған. Барған кезде жұптық кастинг болады. Дариға апай жеке шығып, продюсерге: "Ойнай алмайды, вообще ойнай алмайды, мынау - драманың актері ғой" деген екен. Басында бір-екі серия түскен кезде бір-бірін ұнатпаған. Содан кейін Рүстем өзі ойлап тауып, сценалар қосқаннан кейін "Мен қалжыңдап айтқанмын" деп ақталғаны бар", - дейді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз! Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.63  course down  550.92  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer