Таңжарықов Зәйну Жиенәліұлы

  • Фото ветерана: Таңжарықов Зәйну Жиенәліұлы
    Таңжарықов Зәйну Жиенәліұлы

Таңжарықов Зәйну Жиенәліұлы 1922 жылы ақпанның төртінші жұлдызында қасиетті мекен Қазалы топырағында, №5 ауылда дүниеге келген. №17 мектептің 10-сыныбын бітірген. Атам сұрапыл соғыс басталғанда небәрі 19 жаста болған екен. Осы жасында әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы өз борышын өтеуге соғысқа аттанады.

Атам Ленинградты, Сталинградты, Үшінші Украинаны, Белоруссияны, Оңтүстік Батысты азат етуге қатысады. Және де Польша, Варшава, Берлин, Дрездин қалаларында шайқасады. Соғыста жүріп партияға өткен. Қолынан, аяғынан жарақат алған.

Қазір үйде атамның медальдары мен грамоталары сақтаулы тұр. "Сталинградты азат еткені ушін", "Берлинді алғаны ушін", "Германияны жеңгені үшін", Варшаваны азат еткені үшін "Варшава" орденімен, 1945жылы "Қызыл ту" орденімен марапатталған. Сталиннен 12 рет алғыс хат алған.

Нравится