Ботай Байзақов

  • Ботай Байзақов

Ботай Байзаков- соғыс және еңбек ардагері. 1922 жылы дүниеге келген, жастайынан еңбекке араласып 1937 жылы еңбек жолын Шет ауданы Нұраталды совхозында байланыс бөлімінің басшысы болып бастаған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады.1942 жылы 20 маусымда Ант қабылдап, Ақмолада жасақталып жатқан қазақстандық дивизия құрамына енді. Бастапқыда 9-гвардиялық дивизияда барлаушы болған. 283 атқыштар дивизиясының құрамындағы 860 атқыштар полқында пулеметші,танкі атқыш және атқыштар бөлімшесінің командирі болған. Белоруссия жерін фашистерден қорғаған кезде бір шайқаста Ботай атамыз немістердің 2 танкісіне граната лақтырып, дәл тигізіп ерлік көрсеткені үшін III дәрежелі "Даңқ" орденін алыпты. Бұдан кейін 283-і дивизия Шығыс Пруссияны, Польшаны фашист басқыншылығынан азат ету үшін аянбай соғысты. Ботай Байзақов кезекті бір барлауға барып, неміс офицерін ұстап алған екен. Ол офицерді тірідей жалғыз өзі штаб бөліміне алып келіпті. Сөйтсе Ботай атамыздың пистолетінде оғыда таусылып қалыпты, бірақ ол кісі жауға сырын білдірмей, оны қорқытып алып келген. 1944 жылдың наурызында Ботай Байзақов III дәрежелі "Даңқ" орденімен екінші рет марапатталады. Бірақ осы орденнің статусына сәкес келмейтінін сұрапыл соғыс кезінде ескерген жан жоқ. 1944 жылы маусымда Беларусь майданында 1 танкіні жойып "Ерлігі үшін" медалін, сол жылдың шілдесінде 2 дзотты жойғаны үшін "Қызыл жұлдыз" орденін алғанда да Ботай атамыз "Тәйірі ордені үшін соғысыппын ба, тезірек жеңіс күніне жетсек екен" - деп тілеген екен. 1945 жылы Беларуссияда 220 метр биіктікте 2 танкіні жойғаны үшін II дәрежелі "Даңқ" ордені тапсырылды. Ботай атамыздың ауылдастары соғысқа қатысқанын білсе де, ол кісіде "Даңқ" орденінің үшеуі бар екенін 1983 жылға дейін ешкім білмеген екен. 1983 жылдан кейін Нұраталды кеңшарының басшылары Ботай Байзақовтың үш "Даңқ" ордені бар екенін және бұл ордендер дұрыс тәртіппен берілмегенің тиісті орындарға хабарлап, 1984 жылы 16 наурызда Ботай Байзақовқа I дәрежелі "Даңқ" ордені тапсырылыпты.

Нравится
Написать комментарий
Нажимая на кнопку “Отправить”, вы соглашаетесь с правилами комментирования