Майкотов Ошақбай

  • Майкотов Ошақбай

Майкотов Ошақбай 26.04.1920 жылы ШҚО, Күршім ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Күршім ауданы, Ақтүбек ауылына мектепке оқуға барған. Әке-шешесі қайтыс болған нан кейін, мектеп интернатында тұрып, мектепті бітірген. 1939 жылы Қызыл Әскер қатарына алынып, Хал-ХинГолл майданында болған. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, толықтай майдан шебінде жүрген. 1945 жылы немістердің Кенигсберг қаласында 2-ші Дүние жүзілік соғыстың аяғына дейін болады. Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін 1945 жылы ауылға оралып, солдат шинелімен Семей мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, институтты аяқтаған соң, мектепте ұстаздық қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысқандағы ерліктері үшін көптеген медальдармен марапатталған. 29.03.1974 жылы ШҚО, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында қайтыс болды.

Нравится
Написать комментарий
Нажимая на кнопку “Отправить”, вы соглашаетесь с правилами комментирования