Әліпбаев Рахметолда

  • Фото ветерана: Әліпбаев Рахметолда
    Әліпбаев Рахметолда
  • Фото ветерана: Әліпбаев Рахметолда
  • Фото ветерана: Әліпбаев Рахметолда
    Фото ветерана: Әліпбаев РахметолдаФото ветерана: Әліпбаев РахметолдаФото ветерана: Әліпбаев Рахметолда

Әліпбаев Рахметолда 1920 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Монтикей аулында дуниеге келген. 1939 жылы әскерге шақырылып, соғыс басталғанда 1941 жылы Украина жерінде атқыштар полкінде даярлық курсын өтеп, соғысқа 1942 жылы қатысады. Соғыс аяқталған соң Украинада қираған ауыл-қалаларды қалпына келтіру жұмысына қатысып, аулына 1947 жылы оралады.

1948 жылы апамыз Жаңылсын Ахметқызымен отау құрып, 1980 жылға дейін, зейнетке шыкканша су шаруашылығы, балық қорғау, совхозда бас маман қызметін атқарды. Апамыз Жаңылсынмен 60 жыл өмір сүріп, 8 бала тәрбиелеп, немере, шөбере қызығын көрді. 2008 жылы өмірден озды. Қазіргі таңда апамыз Жаңылсын ата шаңырағында немере, шөбере ортасында отыр. Апамыз да соғыс кезінде елде еңбек еткен ардагер, 5 мамырда дүниеге келген. Негізі көктем ата-апамыз үшін айтулы мереке, өйткені 1948 жылы 5 сәуірде уйленген, апамыз 5 мамырда туған, 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтеміз. 

Нравится