Уалибаев Абдікайм Комыршыбайулы

  • Фото ветерана: Уалибаев Абдікайм Комыршыбайулы
    Уалибаев Абдікайм Комыршыбайулы

Уалибаев Абдікайм Комыршыбайулы 1924 жылы Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1941 жылы 17 жасында өз еркімен соғысқа аттанған. Укранина майданында, барлау әскерінде болған. Соғыс жылдары атамыз неміс офицерін пленге алып келе жатқан уақытында, снаряд жарылып аяғынан жарақан алған, жарақатына қарамастан неміс офицерін штабқа жеткізген. Екінші рет барлауға барған кезінде жағынан оқ тиіп жарақат алады, қасындағы жолдастарының арқасында дер уақытында госпитальге жеткізіліп аман калады. Еліне 1947 жылы оралып ауылында 1984 жылға дейін өмір сүрген, осындай ерліктері үшін "Қызыл жұлдыз" ордені мен "Ерлік " ,"Қызыл ту" ордендерімен және тағы басқа көптеген медальдармен марапатталған.

Нравится