Махметов Зәкім

  • Фото ветерана: Махметов Зәкім
    Махметов Зәкім

Махметов Зәкім 1918 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. 1938 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылы соғысқа аттанады. Ленинградты азат етуде ерен ерлігімен көзге түсіп, Берлинге дейін барған әскер отрядының шебінде болған. Берлин түбінде болған ұрыста да жау шебіне тойтарыс беріп, аяғын оқ тиіп, жеңіл жарақаттанып госпитальға түскен. Жарақаты айыққан соң, қайтадан майдан шебіне аттанған. Соғыстан аман-есен оралған.

Марапаттары:

  • "Маршал Жуков" ордені;
  • "Қызыл ту" ордені
  • "Ерен еңбегі үшін"
  • КСРО Қарулы күштерінің 50 жылдығы ордені
  • Жеңістің 25 жылдығына арналған орден
  • Жеңістің 35 жылдығына арналған орден
  • Құрмет төс белгісі ордендерімен марапатталған.

Кейін ел өркендеуіне өз үлесін қосқан үлкен жанұяның атасы, ел ақсақалы болған.

Жары - Меңдігереева Ырысты, Еңбек ері, Алтын алқалы ана. 13 құрсақ көтерген. Алайда 8 баласы қайтыс болған. 

 

 

 

 

Нравится