ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА

Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету - тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрттен он сағатқа дейін) денсаулық жағдайына байланысты, өзіне-өзі күтім көрсетуге қабілеті жоқ зейнеткерлерге және мүгедектерге арналған.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйыммен көрсетілетін негізгі қызметтер мыналар: мүгедектерді әлеуметтік, медициналық және кәсіби оңалту үшін сауығу және әлеуметтік-қайта қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнайы әлеуметтік қызметтердің кешенді шараларын қызметті алушыларға жан-жақты көрсету.

Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге келесілер қатысты: мерекелік іс-шараларды және бос уақытты мәдени түрде ұйымдастыру, қызметті алушыларды мәдени іс-шараларға қатыстыруға тарту (саяхатқа, театрға, көрмеге, концертке және басқа да шараларға баруды ұйымдастыру), қызмет алушылардың әлеуметтік-құқықтық сұрақтары бойынша кеңестер беру (азаматтық, тұрмыстық, отбасылық, еңбек, зейнетақы, тәртіптік заң және өзге де сұрақтарға байланысты), оларды қызықтыратын заңдық актілер жайында толық түсініктемелер жүргізу.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйым қолдаухат берген жағдайда) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінгенде қызметті ұсынушыға өтінішті және келесі құжаттарды тапсырады:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

3) нысан бойынша медициналық карта;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының үзінді көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен ұсынылады, құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қабылдау келесі мекенжай бойынша қызметті ұсынушы арқылы жүзеге асырылады: Семей қаласы, Қозыбағаров көшесі, 40, 208 - кабинет, тел: 52-12-14 «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети