Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Маңғыстаулық театр Abish Alemi І Халықаралық театр фестивалінде Әбіш Кекілбаевтың "Бір шөкім бұлт" және "Күй" шығармасын сахналайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға бағытталған алғашқы театр фестивалі 2016-жылы республикалық деңгейде өтсе, биыл 80 жылдық мерейтойы аясында «ABISH ALEMI» фестивалі халықаралық деңгейде шымылдығын түрді. Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, республикамыздың Мәдениет және спорт министрлігі және ТҮPКСОЙ-дың қолдауымен басталған фестиваль өзге елдермен мәдени-рухани байланысты нығайтудағы алтын көпір іспеттес. Әлемнің жеті елінен келген кәсіби және музыкалық драма театр әртістері Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин театры сахнасында өзара сынға түспек.

«ABISH ALEMI» бірінші халықаралық театр фестиваліне қатысуға ниет білдірген театр ұжымдарының қойылымын, қазылар алқасының беделді мүшелері Абыз тұлға Асанәлі Әшімов, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты Исрафил Исрафилов, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қоюшы режиссері - Сердеш Қажымұратов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі – Еркін Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұркен Өтеуіл, Қазқстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әділ Ахметов, Маңғыстау облысының «Жыл адамы – 2016» номинациясының иегері Медғат Өмірәлиев сараптайтын болады.

«ABISH ALEMI» Бірінші халықаралық театр фестиваліне бірнеше театр ұжымы қатыспақ. Олар:

1) Армениядан Абельян Ванадзор мемлекеттік драма театры;

2) Грузиядан Тбилисидің Мемлекеттік Азербайджан театры;

3) Ираннан Биле Савар Барбод театры;

4) Өзбекстаннан Хорезм театры;

5) Тәжікстан К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры;

6) Түркияның Мемлекеттік театры;

7) Түркменістан мемлекеттік театры;

сондай – ақ Қазақстаннан М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры және Н.Жантөрин атындағы драма театры қатысып, өнер көрсетеді.

Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» шығармасымен «Күй» повесін сахналайды. Күй повесінде рөлді сомдаушылардың басым бөлігі ер адамдар, ал моно спектакльді бір әйел сомдамақ.

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети