ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА

Әбіш Кекілбаев шығармашылығына арналған кеш республика деңгейінде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Маңғыстау арнасындағы «Сөз бен саз» бағдарламасының 27- концерті, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Әбіш Кекілбаевпен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Маңғыстау ауданында өтетін мерекелік кешке Қазақстанның әр аймағынан жиналған сазгерлердің ұлы тұлғаларымызға арнап шығарған әндері шырқалатын болады.

«Осы уақытқа дейін Әбіш Кекілбайұлы мен Фариза Оңғарсыноваға арнап, арғы тарихы отыз жылдан аса, бергісі жас буын сазгерлер ән арнаған екен. Барлығын жинақтап бір концертке сыйғызып отырмыз. Бұл жерде Әбіш Кекілбайұлының шығармаларымен Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне жазылған әндер айтылмайды. Оларға арналған әндер айтылады. Негізгі авторлары ҚР-ның 8 облысынан келеді деп жоспарлап отырмыз» - деді «Сөз бен саз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Бердіхан Әлмен.

80 жылдыққа арналған мерей тойда Жамбыл облысынан «Фариза жан» әнінің авторы, ҚР мәдениет саласының үздігі Әбиірбек Тінәлі, Алматы қаласынан қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Әлқожа, Қызылорда облысынан композитор Жақсыгүл Бегманова, Ақтөбе облысына Марғұлан Құлмағанбетов және маңғыстаулық ақын-сазгерлер қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік қазіргі уақытта Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облысында Әбіш Кекілбайұлы мен Фариза Оңғарсынова есімі берілген 6 мектеп бар. Шығармашылық кештің ерекшелігі – аталған үш облыстан ең үздік деген оқушылары келіп, әдебиет алыптарының өлеңдерін нақышына келтіріп оқитын болады.

Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498   525.74   4.99 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети