Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Жастар корпусын дамыту жобасы қорытындыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы Үйлестіру агенттігі Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жастар корпусын дамыту жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырды.

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарын қоғамға бейімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға қажетті дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарға (мектеп жасындағы оқушыларды есептемегенде), яғни өз әлеуетін, өмірлік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жобада ерекше басымдық жұмыс істемейтін және оқымайтын,сондай-ақ жұмысы бола тұра, табысы төмен қатысушыларға беріледі.

Жоба аясында Маңғыстау облысында321 жоба іске асырылды, онда1070-ке жуық жас қатысып, олар өздерінің бастамаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде гранттар алды.Сонымен қатар өмірлік дағдылар мен жобаларды басқару бойынша бірегей оқу бағдарламасынан өту мүмкіндігі берілді. Жобалық стипендияларға ай сайын әлеуметтік стипендия төленді (ЖОО түлектеріне 60 000 теңге, қалған қатысушыларға 40 000 теңге). Әлеуметтік жоба іске асырылған кезеңде мына бағыттар бойынша кіші жобалар ашылды: 93 ауыл шаруашылығының ет және сүт өнімдері, 26 білім беру орталықтары, 17 демалыс орталығы мен шығармашылық үйірмесі, 19 спорт орталығы мен фитнес клубы, 24 наубайхана мен кондитерлік, 29 тігін және аяқ киім шеберханасы, 5 сұлулық салоны.

Жобаны іске асырудағы маңызды кезең – бұл Маңғыстау облысының іске асырылған әлеуметтік жобаларының нәтижесін 2019 жылдың 11 қарашасында өткен өнімдер көрмесі мен Өңірлік форумында қорытындылау. Форум Маңғыстау облысының Әкімінің, «Атамекен» АЭС, «Даму» Қоғамдық қорының өкілдері, қоғамдық мекемелер және Үйлестіру агенттігінің қызметкерлері, Маңғыстау облысынан қатысушылар мен жоба тәлімгерлерінің қатысуымен болды.

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети