Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Атырауда «Заң clinic» жобасы бойынша тұрғындардың құқығын қорғау

ПОДЕЛИТЬСЯ

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мекемесінің «Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» атты гранты аясында 2019 жылдың сәуір айынан бастап іске асырылуда. Жобаның жетекшісі «Адамгершілік» қоғамдық қоры.

Жобаның басты мақсаты - Атырау облысының тұрғындарына арналған тегін құқықтық кеңес беру, әр тұрғынның кез-келген жағдайда өзінің құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау, заңға қайшы әрекеттерді жасаудың алдын алуға үйрету, мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен жүзеге асқан жоба бойынша тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қорғау (консультациялар, өтініштер, шағымдар) үшін «Атырау облысының Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сі мекемесінде тегін заңгерлік кеңес беру кабинеті ашылған болатын. Қабылдау барысында бір аптада тұрғындарға күніне 7 сағаттық телефон арқылы онлайн кеңес беріледі. Жіне тікелей қабылдауға жазылған тұрғындарды Атырау қаласының белгілі заңгерлері С.Рахимова және Д.Ульжагалиева қабылдады. Сәуір айынан бастап қараша айына дейін 225 адамға кеңес берілді.

Кеңес беру кабинетіне жазылған тұрғындардың 70%-ы несиелер бойынша төленген комиссияларды қайтару, ал 30%-ы тауарлар және әр түрлі қызмет көрсетулер бойынша шағымдарымен жүгінді. Кеңес алуға келген тұрғындардың көпшілігі мәселелерінің шешімін тауып, ризашылығын білдіріп жатыр. Бұл жоба тұрғындардың сұранысы бойынша жыл соңына дейін жалғасын табуда.

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети