Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

«Қазақтелеком» Нұр-Сұлтанда 5G коммерциялық желісін іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

«Қазақтелеком» астанамызда Қазақстандағы алғашқы 5G коммерциялық желісін іске қосты. Енді бесінші буын технологиясы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің аумағында Altel желісінде қолжетімді болмақ.

«Қазақтелеком» болашақтың коммерциялық желісін 3,5 ГГц радиожиіліктер диапазонында Non-Stand-Alone режимінде қамтамасыз етті. Ол 5G үшін әлемде кең ұсынымға ие және танымал спектр болып табылады. Таяу арада бұл технологияны 5G форматын қолдайтын және Altel, Теле2 абоненттері болып табылатын құрылғылардың иелері пайдалана алады.

«Бүгін іске қосылып отырған желі Қазақстандағы алғашқы 5G коммерциялық аймағы болып табылады. Ол Astana Hub аумағында тұрақты негізде жұмыс істейді. Осы желіні іске қосу орнын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Дәл осы жерде әзірлеушілер 5G базасында жаңа цифрлық өнімдерді және жобаларды тестілеуден өткізіп, іске асырады. Мұндай аймақтар түрлі кейстер үшін басқа өңірлерде де ашылмақ. Осы жылы FWA – тіркелген-сымсыз қатынау бизнес-кейсін іске асыру үшін Шымкентте коммерциялық технологияны іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

5G технологиясы жоғары жылдамдықпен деректер берумен, ауқымды сыймдылығымен және кідірісі төмен тұрақты қосылыспен, түрлі міндеттерге арналған IoT құрылғыларын жаппай қосу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

«5G коммерциялық желісі Altel және «Қазақтелеком» инфрақұрылым базасында іске қосылғанын атап өту керек.  Altel көп жыл бойы еліміздегі мобильді интернет және деректер беру саласында технологиялық көшбасшы болып келеді. Компания мамандары Қазақстанда алғашқы болып 3G және 4G желілерін іске қосқан болатын. Жаңа технологияның заманы басталды және осы салада негізін көшбасшы болып қалуға барынша күш салатын боламыз», - деп атап өтті «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС бас директоры Роман Володин.

5G желілері тұрғындарға мобильді байланыс пен интернет желісіне қатынау қызметтерін ұсыну үшін, сондай-ақ IoT, «ақылды қала», «ақылды өндіріс» сияқты кейстер мен басқа мақсаттарда қолданылатын болады. Іс жүзінде 5G желілері компанияларды цифрлық трансформациялау және цифрлық экономиканы дамыту үшін негіз болады.

«5G желісі алғаш рет EXPO іскери орталығының аумағында іске қосылып отыр және AstanaHub технопаркінде қолжетімді. Бүгінгі таңда 5G желісі әлемнің 2-3 елінде ғана енгізілген, енді міне Қазақстанда да қолжетімді болмақ. Digital Bridge форумы барысында желі тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Бұл форумға қатысатын ІТ-мамандар мен стартаптар үшін тамаша жаңалық. Біз «Қазақтелеком» Digital Bridge технологиялық форумы алдында 5G желісін іске қосқанына өте қуаныштымыз», - деп хабарлады AstanaHub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің атқарушы директоры Әділет Нұрғожин.

Бұған дейін «Қазақтелеком» бұл желіні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында далалық жағдайдағы түрлі радиожиілік диапазондарында бірнеше рет тестілеуден өткізді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр айында АЭФ шеңберінде Қазақстанда бірінші рет 5G арқылы дауыс және бейне-қоңырау жасалғанын атап өтеміз.

Алдағы уақытта компания Алматы мен Шымкент қалаларында тестілеу аймақтарын іске қосуды жоспарлап отыр.

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети