Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Семейде жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде "Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы" базасында 300 орынға есептелген инфекциялық госпиталь ашылды. Мұнда коронавирустық инфекциясы және полисегментальды пневмониясы бар науқастар орналастырылады.

- Госпиталь 300 орындалға есептелген, мұнда 20 реанимациялық палата бар. Құрам жасақталып, науқастарды қабылдау басталды. Барлық қызметкерлер вакцинациядан өтіп, барлық қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған, - дейді мекеме басшысы Ерлан Шәкенов.

Мұнда, науқастардың кеудесін сол мезетте түсіруге арналған жылжымалы рентген аппараты да бар. Сондай-ақ, өкпені жасанды желдетудің 20 аппараты (ӨЖЖ) және өкпені инвазивті емес желдетудің 15 аппараты (нивл) қойылған. Өткен жылы диспансерде оттегі шағын зауыты құрылды. Бұл минутына 250 литр оттегі шығаратын оттегі концентраторы болып табылады.

- Аурухананың әр қабатында 30 оттегі концентраторы бар.Оның барлығы 200. Бұрын туберкулез ауруханасы және бөлек ғимаратта пульмонология бөлімі болған. Бүгінгі күні ғимаратты жуу, кварцтау және дезобөңдеу жүргізілді. Осы ғимарат жұқпалы аурулар ауруханасына беру үшін таңдалды. Өйткені бізде өкпемен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Сондай – ақ, инфекциялық бақылауға сәйкес, әр қабатта науқастар үшін маңызды болып табылатын желдеткіші бар, - деп қосты Ерлан Шәкенов.

Сондай-ақ, Семейде барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілетін инфекциялық орталықтың құрылысы жоспарлануда. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды. Орталық құрылысына келесі жылы қаражат бөлу жоспарлануда.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети