Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

БАҚ назарына! Құрметті әріптестер!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алматы облысы әкімінің дәстүрлі "Көшбасшы – 2021" жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш шара биыл 19 рет өткізілгелі тұр.

Мақсаты: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының Алматы облысында жүзеге асырылуын үйлестіру, Тұңғыш Президент күніне орай, жыл бойы жастар саясатында белсенділік танытқан, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен 14-29 жас аралығындағы облыс жастарын ынталандыру болып табылады.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Тілепов Болат Анапияұлы және Алматы облысы әкімінің орынбасары Дәндібаев Арслан Момышұлы қатысады.

Сала көшбасшылары төмендегідей аталымдар бойынша марапатталады:

Үздік жас мемлекеттік қызметші
Үздік жас спортшы
Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы
Үздік жас саясаткер
Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы
Үздік студент
Үздік жас әскери қызметкер
"Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы
Үздік жас ғалым
Үздік жас отбасы
Үздік жас кәсіпкер
Үздік жас батыр
Үздік жас әдебиетші
Үздік жас ерікті
Үздік жас өнерпаз
Үздік жас дәрігер
Үздік жас ұстаз
"Жасыл ел" жасағының үздік сарбазы
Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы
Үздік жас журналист

Өткізілетін уақыты: 29 қараша, сағат: 17.00

Өткізілетін орны: Талдықорған қаласы, Б.Римова атындағы драма театры


Сіздерден аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

✍Алматы облысының жастар

саясаты мәселелері басқармасы

☎ 8 (7282) 40 18 15

8 747 486 65 04

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети