ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 октября 2019 | 14:39

"Бірден "қара тізімге" енгізеді". Заңгер несие тарихын тазарту мүмкіндігін енгізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда несие тарихын тазарту процесін енгізу керек, бұл үшін шет елдердің практикасына жүгінуге болады. Заңгер Думан Көпбаев бұл ұсынысы Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда несие тарихын тазарту процесін енгізу керек, бұл үшін шет елдердің практикасына жүгінуге болады. Заңгер Думан Көпбаев бұл ұсынысы Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Маманның пікірінше, қазақстандық банктерде "нашар несие тарихы" туралы бірыңғай түсінік қалыптаспаған.

"Себебі "нашар несие тарихын" әр банк әртүрлі түсінеді. Кейбір банктерде несие төлемін 15 тәулікке кешіктірсе, бірден "қара тізімге" енгізеді, ал кей банктер бір ай күтеді. Менің ойымша, Қазақстан аумағындағы банктердің арасында "нашар несие тарихы" бар адамдардың қатарына жатқызу үшін бірыңғай стандарт болуы керек. Кейбір банктер несиені оңай бере салса, кейбіреулері несие беруден бас тартады, сондықтан банктердің арасында бірыңғай тәртіп болуы керек деп ойлаймын", - дейді заңгер. 

Думан Көпбаев шетелдік тәжірибелерге сүйеніп, Қазақстанда да несие тарихын тазарту процесін енгізуді ұсынды. 

"Қазақстанда көптеген тұрғын бірнеше жыл бұрын белгілі бір себептермен несиесін дұрыс төлей алмай, "нашар несие тарихы" бар адамдардың қатарына кіріп кеткен. Ал қазір жалақысы жақсы, бірақ несие ала алмай жүр. Сондықтан Қазақстанда несие тарихын тазарту процесін енгізу керек, оның уақыты келді деп ойлаймын. Ол үшін шет елдердің практикасына жүгінуге болады, несие тарихын тазарту АҚШ-та кеңінен қолданылады, бұл жағдай біздің тұрғындарға да көмегін тигізер еді", - дейді ол. 

Маманның сөзінше, кей банк несие тарихын 10 жылға сақтау ережесін ұстанбайды. 

"Заңға сәйкес, азаматтардың несие тарихы оны төлегеннен кейін 10 жыл бойы сақталуы тиіс, ал іс жүзінде банктерде 20 жыл сақталған мәліметтер кездеседі. Қазіргі таңда банктер нашар несие тарихы болса да, әрі клиентке жеке-жеке қарайды. Тұрғындар жеке несиелік есепті, жеке куәлікпен ХҚКО, "Қазпошта" немесе Бірінші кредиттік бюро кеңсесінен ала алады", - деді Көпбаев.

Оқи отырыңыз:

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

"Несие тарихы мінсіз болса да көмектеспейді". Кредит берілмейтін жағдайлар

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети