Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 июля 2019 17:37

Демалыс және мереке күндері жұмыс істегендерге өтемақы қалай есептеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек нарығында кез келген компания жұмыс күші қажет болған жағдайда мереке күніне немесе демалысқа қарамастан қоластындағыларды жұмысқа тартуы мүмкін. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Ол күн жалақы мөлшеріне қалай әсер етеді? Қосымша ақы төленуі тиіс пе? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды заңгер Нариман Сүлейменовке қойып көрді. 


Еңбек нарығында кез келген компания жұмыс күші қажет болған жағдайда мереке күніне немесе демалысқа қарамастан қоластындағыларды жұмысқа тартуы мүмкін. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Ол күн жалақы мөлшеріне қалай әсер етеді? Қосымша ақы төленуі тиіс пе? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды заңгер Нариман Сүлейменовке қойып көрді. 

Қай күндер демалыс және мереке күндері болып есептеледі?

"ҚР Еңбек кодексінің 84-бабында демалыс күндерін белгілеу тәртібі туралы айтылған. Осылайша, заң бойынша бес күндік жұмыс аптасында қызметкерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып саналады. Ал бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек келісімшартында белгіленеді.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, мерекелер ұлттық және мемлекеттік болып бөлінеді. Осы заңның 5-бабы бойынша, елімізе мемлекеттік және ұлттық мерекелердің барлығы демалыс күні болып саналады:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Нұр-Cұлтан күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (жалғыз ұлттық мереке).

Сондай-ақ, Құрбан айт сияқты мейрамдарды айтатын болсақ, түрлі пікірлерге қарамастан, заң тұрғысынан бұл күндер мейрам күндері емес, демалыс күндері болып саналады. Ерекшелігі - мейрам демалыс күніне түссе, ол күн келесі жұмыс күніне ауыстырылады", - дейді заңгер.

Мереке және демалыс күндері үшін төленетін ақша қалай есептеледі?

Маманның айтуынша, Еңбек кодесінің 85-бабына ("Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс") сәйкес, мейрам немесе демалыс күндері жұмысқа шыққаны үшін берілетін өтемақының екі формасы бар.

"Біріншісі - сол күні жұмысқа шыққаны үшін жұмыс күндерінің бірінде демалыс беру. Екіншісі - мейрам немесе демалыс күні үшін өтемақы төлеу. Еңбек кодексінің 109-бабына (Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу") сүйенетін болсақ, кем дегенде әдеттегі бір күндегі жұмыс сағатынан 1,5 есеге көп ақша төленуі тиіс. Дегенмен кей жағдайларда, мысалы, ұжымдық шартта одан да көп коэффициент көрсетілуі мүмкін. Айтып өткім келетіні, ҚР Еңбек кодексінің 2007 жылғы нұсқасымен салыстырғанда қазіргі уақытта қызметкерлерге берілетін өтемақы айтарлықтай төмендеген. Бұрындары демалыс және мереке күндері өтемақы кем дегенде екі есеге көп төленетін", - дейді заңгер.

Мысалы, компания басшылығының бұйрығымен қызметкер 22 наурыз, мейрам күні жұмысқа шақыртылды. Бес сағат жұмыс істеп қайтты. Еңбек келісімшартына сәйкес, мереке күндері шыққаны үшін әдеттегіден 1,5 есеге көп ақы төленуі керек. Осылайша:

Жалақысы -  150 000 теңге

Бір айдағы жұмыс күні: 22 күн

Бір айдағы сағат саны: 22 * 8 = 176 сағат

Бір сағатына: 150 000 / 176 = 852 теңге

Мереке күндері шыққаны үшін төленетін ақы (1 күнге): 150 000 / 176 * 5 сағат *1,5  = 6 392 теңге

Сол айда берілуі тиіс жалақы: 150 000 теңге + 6 392 теңге = 156 392 теңге.

Басшылық қызметкерді оның келісімінсіз жұмысқа тарта ала ма?

Нариман Сүлейменовтің айтуынша, жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қоластындағы қызметкерін демалыс немесе мереке күндері тек оның жазбаша рұқсатынан соң ғана жұмысқа жұмылдыра алады. Сондай-ақ, басшылық тарапынан бұйрық шығуы қажет дейді. 

"Бірақ кейбір жағдайларда қызметкерді оның рұқсатынсыз-ақ жұмысқа шақыртып алуға болады. Мысалы, төтенше жағдайлардың, зілзаланың немесе өндірістік апаттың алдын алу немесе олардың салдарын жою үшін; еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін; ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін қызмкеткердің рұқсаты қажет емес", - деп түсіндіреді заңгер.

Айтуынша, бұл жағдайлардың барлығында да міндетті түрде басшылықтың бұйрығы болуы тиіс.

 Бұл нормалардың шетелдік компанияларға қатысы бар ма?

Нариман Сүлейменовтің айтуынша, Еңбек кодексінде және өзге де зандарда көрсетілген талаптарды барлық жұмыс беруші орындауы тиіс.

"Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген шетелдік азаматтар болсын барлығына заң бірдей. Бірақ кей компаниялардың ішкі ережелерінде сол шетелдік азаматтардың өз мейрамдары болса, ол күндерді заң бойынша демалыс күні ретінде белгілей алады. Мысалы, ресейлік компанияның қызметкерлері 12 маусымда (12 маусым - Ресей күні) демалыс алуға құқылы немесе америкалық компанияның өкілдері 4 шілдеде демалыс ала алады. Себебі 4 шілде АҚШ-та Тәуелсіздік күні болып саналады. Бұл мерекелер қосымша мерекелер болып қана саналады", - дейді заңгер.

Оқи отырыңыз:

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді

Еңбекке жарамсыздық парағы: Төлемді қалай есептейді

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети