ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 августа 2019 | 16:42

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы бар - Түсіндіреміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еліміздегі зейнетақы төлемдерінің жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың зейнетақы төлемдеріне қатысты жиі қоя сұрақтарының бірі - зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын кімдер және қалай ала алады? Алу мүмкін бе? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты мұрагерлік-құқықтық қатынастар істерімен айналысатын заңгер, экономист Сымбат Жапароваға қойды.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі зейнетақы төлемдерінің жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың зейнетақы төлемдеріне қатысты жиі қоя сұрақтарының бірі - зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын кімдер және қалай ала алады? Алу мүмкін бе? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты мұрагерлік-құқықтық қатынастар істерімен айналысатын заңгер, экономист Сымбат Жапароваға қойды.

Жапарова бүгінде Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың машақаты көп екенін айтады. Айтуынша, төлемді ертерек алу үшін қордағы қаражат сомасы белгілі бір талаптарға сай болуы керек.

"Қазіргі таңда елімізде ерлердің зейнет жасы - 63, ал әйелдерге - 59 жас (2019 жылғы 1 қаңтардан). Бірінші жағдайда І және ІІ топтағы мүгедек жандарға да мерзімінен бұрын төлемдер аударыла береді. Екінші жағдайда Қазақстан аумағынан тыс аумақты тұрақты түрде тұруға көшіп кеткендер, ал үшінші кезекте қайтыс болған салымшының мұрагерлері заң бойынша зейнетақы жинағын мерзімін бұрын алуға құқылы", - дейді маман.

Айта кетейік, заңгер осыған дейін қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімге қалатынын түсіндіріп берген болатын. Ол марқұмның зейнетақы жинағы мұрагерлік жолмен берілетінін, ал мұрагерлік қалдырылмаса, заң бойынша жақындарына тең үлесте берілетінін айтқан еді.

Сондай-ақ, экономист мерзімінен бұрын зейнетақы ала алатындардың тізіміне кіруден бөлек, зейнетақы шотында белгілі бір сомада жинағы болғандардың да зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын ала алатынын айтады.

"Ол адам зейнетақы шотын ашып қойып, осы күнге дейін қандай да бір ақша аударылмай келсе, яғни шотында ақша аз болса, ол ешқалай да ондағы жинақты мерзімінен бұрын ала алмайды. Бүгінде соңғы заңнамаларға сүйенсек, ер адамдардың зейнетақы шотында 8 900 000 теңге болуы керек болса, әйел адамдардың зейнетақы шотында кем дегенде 12 477 000 теңге болуы қажет", - деп түсіндірді Жапарова. 

Видеоинструкция: как забрать пенсию досрочно

Маман зейнетақы шотында мұндай сома жиналуы үшін ай сайын кем дегенде әйелдер 40-41 000 теңге, ал ер адамдар 30 000 теңгеден аса ақша аударып отыруы тиіс екенін айтады.

"Еліміздегі орташа минимал жалақыны ескерсек, ол бізде - 42 500 теңге, қазақстандықтардың көбі зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын ала алмайды деген сөз. Мұндай жалақымен шотта 8 миллион теңге жиналмайтыны анық. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда орташа зейнетақы - 85 785 теңге. Сондықтан бүгінде зейнетақы шотындағы ақшаны ерте алу (салымшы белгілі бір санатқа кірмесе) мүмкін болмай тұр", - дейді Жапарова.

Оқи отырыңыз:

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімге қалады?

Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети