ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
19 августа 2019 | 13:52

Кредитті қандай жағдайда қайта қаржыландыру тиімді? Маман кеңестері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Бүгінде банктердің көбі клиенттеріне ұтымды ұсыныс ретінде несиені қайта қаржыландыруға кеңес беріп жатыр. Айтуларынша, бұл ұсыныс арқылы кредиттің пайыз мөлшерлемесі азайып, несие тарихына да жақсы әсер етеді. Мұнда әр банктің өз шарты мен ұсыныстары болады. Дегенмен қайта қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері барын ескеру қажет. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне несиелеу проблемаларымен айналысатын маман Дана Тастанбекова айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде банктердің көбі клиенттеріне ұтымды ұсыныс ретінде несиені қайта қаржыландыруға кеңес беріп жатыр. Айтуларынша, бұл ұсыныс арқылы кредиттің пайыз мөлшерлемесі азайып, несие тарихына да жақсы әсер етеді. Мұнда әр банктің өз шарты мен ұсыныстары болады. Дегенмен қайта қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері барын ескеру қажет. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне несиелеу проблемаларымен айналысатын маман Дана Тастанбекова айтып берді. 

Тастанбекова қайта қаржыландыру оған дейінгі кредитті жауып, тиімдірек ұсыныстармен қайтадан жаңа несие алу екенін айтады. Бірақ, маманның айтуынша, ипотека қарызы барларға және ұзақ мерзімге кредит алғандарға бұл ұсыныстың аса пайдасы жоқ.

Қайта қаржыландыру кімдерге тиімді?

"Қайта қаржыландыру бірінші кезекте несие бойынша ай сайынғы төлемді азайтуға бағытталған. Қазақстанда қайта қаржыландыру қызметі соңғы 3-4 жылда дамып келеді. Бұл ұлттық валюта бағамының тұрақты болмауымен және халықтың табысы төмендеуімен түсіндіріліп отыр. Сондықтан қайта қаржыландырудың тек тиімді тұстары бар деп ойлаудың алдында барлық факторды ескеру керек.

Бірінші кезекте несиені шетел валютасымен алғандарға бұл ұсыныс өте тиімді. Мысалы, девальвацияның салдарынан несиені доллармен алғандар қарызын теңгемен бірнеше есе артық төлеп жатыр. Бұл жағдайдан шығу үшін борышкер кредитін қайта қаржыландырса болады. Екінші жағдайда бірнеше несиесі бар қазақстандықтарға да бұл қолайлы шешім. Бірақ көп болса 5 кредитті қайта қаржыландыруға болатынын айта кету керек.

Мұнда клиент өзіне деген тиімді шарттары бар банкті таңдап, барлық несиесін бір несие етіп рәсімдеп, қаржы жағдайын ретке келтіре алады, ең бастысы пайыздық мөлшерлемесі де біршама азаяды. Үшінші жағдай ретінде клиентке каникул қажет болған кезеңді айтуға болады. Белгілі бір отбасылық немесе қаржы жағдайларына байланысты клиент банк өкілдерінен несие тарихын қайта қарап шығуды сұрап, қайта қаржыландыру арқылы біраз мерзімге каникул ала алады", - дейді несиелеу проблемаларымен айналысатын маман.

Қайта қаржыландыру кезінде неге назар аудару керек?

Сондай-ақ, Тастанбекова бүгінде барлық екінші деңгейлі банктің осы қызметті ұсынатынын айта отырып, бірнеше маңызды факторға назар аударуға кеңес береді.

- Несиелеу пайызы. Себебі несиелеу пайызы несие бойынша ай сайынғы төлем мен жалпы қанша ақша артық төленетінін шешеді. Бүгінде нарықта екінші деңгейлі банктер ұсынып отырған пайыздар бір-бірінен ерекшеленеді, сондықтан барлығын зерттеп, қайта қаржыландыру алдында есептеп, салыстыру қажет;

- Қайта қаржыландыру мерзімі. Мұнда клиенттің жалпы кредит бойынша төлемін жеңілдету. Мысалы, бір банкте қайта қаржыландыру мерзімі 48 ай болса, тағы бір банкте 60 айға дейін созылуы мүмкін. Бірақ ипотеканы қайта қаржыландыру кезінде мерзімнің ұзағырақ болатынын ескеру керек, кей жағдайларда ипотеканы қайта қаржыландыру 15-17 жылға дейін созылып кетуі мүмкін;

- Банк ұстап қалатын комиссия. Кез келген борышкер үшін банк ұстайтын комиссия өте маңызды. Себебі ол комиссиялар 200 - 300 мың теңгеге дейін жетеді. Сондықтан қайта қаржыландыру кезінде осының барлығын ескеру керек. Қайта қаржыландыру жасаймын, жаңа несие аламын деп жүргенде "жасырын комиссиялар" байқалмай қалып жатады.

Қандай жағдайда қайта қаржыландыру тиімді емес?

Тастанбекова қазақстандықтардың көбі кішігірім кредиттерінің барлығын жинап барып қайта қаржыландыру жасайтынын айтады. Бірақ, маманның айтуынша, бұл аса тиімді емес.

"Бірнеше несиені қайта қаржыландыру тиімді емес. Қарыздың қомақты сомасы мерзімінен бұрын төленген жағдайда, яғни пайыз емес, бастапқы қарыздың басым бөлігі төленіп қойған жағдайда қайта қаржыландыру жасаудың қажеті жоқ. Себебі ол клиентті қосымша шығынға ұшыратады. Бастапқыда ұсыныс тиімді көрініп, пайыз мөлшерлемесі төмен болса да, мұқият есептеген жөн. Бұл жағдайда керісінше шығын көп, себебі кредиторға көрсеткен қызметі үшін және жаңа келісімшартқа арналған құжаттарды рәсімдеудің өзіне біраз ақша кетеді", - дейді ол.

Сондықтан Тастанбекова қазіргі несие бойынша банктің пайызы және қайта қаржыландыратын банктің пайыз мөлшерлемесі айырмашылығы кем дегенде 5-7 пайыз болу керектігін және борышкердің қарыздың жарты сомасынан көбін төлеп қойған жағдайларда ғана қайта қаржыландырудың артықшылығы басым болатынын айтады.

Оқи отырыңыз:

Кредит алғанда заңсыз қосылған пайыздарды қалай қайтаруға болады

Ипотеканы қайта қаржыландыру үшін банкті қалай таңдау керек - Экономист кеңестері

"Кредитті кредитпен жаппаңыз". Қазақстандықтардың қарыз қайтарудағы 5 қатесі

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer