Бүгінде жыл сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мемлекеттік аннуитеттік компанияға берілетін қаражат 2015 жылмен салыстырғанда екі есе артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде жыл сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мемлекеттік аннуитеттік компанияға берілетін қаражат 2015 жылмен салыстырғанда екі есе артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" ӨСК" АҚ атқарушы директоры Айдар Нұрғазинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
"Бүгінде жастар арасында зейнетақы аннуитеті өнімін алу кеңінен тарап жатыр. Кепілдік берілген кезең опциялары арқылы мұрагерлік мүмкіндігімен жыл сайынғы индекстеу және өмір бойғы табысты қамтамасыз ету төлемдері бойынша жүргізіледі. 2015 жылы БЖЗҚ-дан өмірді сақтандыру жөніндегі компанияға жылына аударылған жинақтардың жалпы сомасы 25 миллиард теңге болды. Ал бүгінде бір жылда салымшылар БЖЗҚ-дан ӨСК-ға 50 миллиард теңгеге жуық ақша аударады", - деді Айдаров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!