ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 декабря 2019 | 18:03

Табысы аз азаматтарға кредит берілмейді. Енді несие алу үшін жалақы қандай болуы керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. Мұны Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді. Банктегілердің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, бұл дегеніміз жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға несие берілмейді деген сөз. Tengrinews.kz тілшісі табысы төмен қазақстандықтарға енді басқа да қарыздар беріле ме, жоқ па және тағы қандай жағдайларда банктердің несие бермейтінін анықтап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. Мұны Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді. Банктегілердің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, бұл дегеніміз жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға несие берілмейді деген сөз. Tengrinews.kz тілшісі табысы төмен қазақстандықтарға енді басқа да қарыздар беріле ме, жоқ па және тағы қандай жағдайларда банктердің несие бермейтінін анықтап көрді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі - 29 400 теңге, ал ең төменгі жалақы - 42 500 теңге. Яғни енді жалақысы 29 400 теңгеден төмен қазақстандықтар кепілсіз несие ала алмайды. 

Президент не деді?

Мұның алдында да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керегін айтқан болатын. 

"Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет", - деген еді Тоқаев.

Ұлттық банк не дейді?

Қаржы институтының мәліметінше, мұның барлығы қазақстандықтардың қарызын азайту мақсатында жасалып отыр.

"2017 және 2018 жылдары кепілсіз тұтыну несиесіндегі қарыз бір жылда 31 және 28 пайыз болды. Ал биылғы көрсеткіште кепілсіз тұтыну несиесі бойынша қарыз небәрі 8 пайыз. (...) Сондықтан қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алып және тұтыну несиелерін көбейту мақсатында Ұлттық банк қажет шараларды жүзеге асырып жатыр.

Осылайша, несиелеу субъектілерінің барлығы бірыңғай ереже бойынша жұмыс істеп, Ұлттық банк барлығы шартта көрсетілгендей орындалуын бақылап отырады, яғни қарыз алу туралы келісімшарттағы талаптардың орындалуы, несиелеу мөлшерлемесі, несие бюросына қажет мәліметтердің берілуін және тағы басқа ережелердің орындалуын бақылап отырады", - делінген еді Ұлттық банк хабарламасында.

Қарыз табыстың 50 пайызынан аспауы тиіс

Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева борышкерге ай сайынғы төлемі табысының 50 пайызынан көп болған жағдайда несие берілмейтінін айтады.

"Қазақстандық банктерге борышкердің қарызы табысынан 50 пайыздан асатын жағдайларда кредит рәсімдеуге тыйым салынады. Несие беру кезінде бірінші кезекте басқа да қарыздың болу-болмауын тексеріп, күнкөріс деңгейін кәмелетке толмаған әр балаға шақтап есептеу қажет. Егер де қарыз алушының табысы жеткілікті болса, банк қарыз жүктемесін есептей бастайды. Барлық қарыздың сомасы табыстың 50 пайызынан асып кетпеуі тиіс. Қарыз жүктемесі 50 пайыздан асқан жағдайда банк борышкердің өтінішін қабылдамайды немесе қарыз сомасын азайтуға тура келеді", - дейді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры.

Бірақ еліміздегі банктердің біріндегілер табыс небәрі 40 000 теңге болса да, 500 000 теңгеге дейін (48 айға) қарыз беруге дайын. Банк операторының айтуынша, мұнда ең бастысы басқа ешқандай қарыздың болмауы және соңғы 6 айда зейнетақы жинағының болуы.

Еліміздегі екінші деңгейлі бірнеше банк жалақы кем дегенде 75 000 теңге болса ғана қарыз бере алатынын айтады. Ал үшінші бір банк ипотека болмаса және жалақы кем дегенде 90 000 теңге болса, 400 000 теңгеге (36 айға) дейін несие рәсімдей алатынын айтады.

Дегенмен кейбір жағдайларда банк кредит беруден бас тартуға құқылы.

✖  Нашар несие тарихы
  

Маманның айтуынша, несиенің берілуіне басты факторлардың бірі - несие тарихы. Ол нашар болса, банк кредит беруден бас тартуы мүмкін. 

"Кредиттің берілмеуіне негізгі екі себеп бар. Біріншісі - нашар несие тарихы. Яғни, несие алушының мерзімі өткен кредиттері болса. Әсіресе, ол әлі де жабылмаса, яғни, 30, 60, 90 күн бойы кредит төленбесе. Борышкер 90 күннен аса уақыт бойы несиесін төлемесе, ол дефолтқа енеді. Ал төленбеген күндер 180 күннен асса, банк келесіде несие беруден бас тартады", - дейді Нұрғалиева.  

✖ Жалақы мөлшері

Ал екінші себеп - борышкердің жалақысының аз болуы екен.  

"Ұлттық банк басқармасының 292-қаулысы бойынша кепілсіз қарыз беретін кезде борыш жүктемеcінің коэффициентін есептеу керек. Яғни, кредит бойынша бұрынғы төлемдеріңіз бен жаңа несиенің төлемі табысыңыздың 50 пайызынан аспауы тиіс. Көп адамда табысы бұрынғы төлемдерін жабуға жетпей жатса, банк несие беруден бас тартуы мүмкін. Ол жерде несие тарихының мінсіз болуы да көмектеспейді. Себебі ол борыш жүктемесіне қатысты талаптан өтпей қалуы мүмкін", - дейді маман. 

✖  Еңбек өтілі

Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, кредитке өтінім түскенде банк борышкердің қашаннан бері жұмыс істеп жатқанына да қарайды. 

"Бұл тұста борышкердің қашаннан бері жұмыс істеп жатқаны да есепке алынады. Борыш жүктемесінің коэффициенті соңғы 6 айда болған аударым арқылы есептеледі. Кем дегенде 2-3 ай бойы үздіксіз аударым жасалып отыруы керек. Соңғы алты айда аударымдар, яғни жұмыс тәжірибесі болмаса, банк кредит беруден бас тартуға мәжбүр болады", - дейді ол. 

✖  Несие картасы

Лимиттелген несие картасы да кредит алу кезінде әсер етуі ықтимал екен. 

"Мысалы, миллион теңге лимитімен несие картасын алып, толық лимитті таңдап, ай сайын минимал төлем жасап отырсаңыз, бұл жүз пайыз "утилизация", яғни, несие картасын кредит секілді пайдаландыңыз деген сөз. Бұл негатив фактор болып саналады. Яғни, банк сізді қазіргі кредитіңізді жабу үшін тағы бір несие алғалы жатыр деп ойлайды. Сонымен қатар, қолданушылардың үйлестірілген несие картасы бар, мұнда лимитті ұстанып отырсаңыз, сізге кредит беру мүмкіндігі жоғарылайды. Себебі ол несие тарихын қалыптастырады", - дейді маман. 

✖  Бірден бірнеше банкке өтінім жіберу

Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директорының айтуынша, бір уақытта түрлі банкке кредит алуға өтінім жіберсеңіз, бұл стоп-фактор болуы мүмкін.

"Егер кредит бюросына 5-тен аса өтінім келгенін көрсе, банк несие беруден бас тартуы ықтимал. Себебі бұл несие шопингі деп аталады. Бұл жағдайда алаяқтық бойынша күдікке ілінуіңіз мүмкін. Сондықтан банк несие беруден бас тартуы мүмкін. Бұл жерде әр банктің ережелеріне қарау керек. Әр банк талаптарды өзіне ыңғайлап жасайды, сондықтан, бірі несиені берсе, бірі бермеуі мүмкін. Бәріне ортақ талап жоқ мұнда", - дейді Әсем Нұрғалиева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 497.18   525.54   4.97 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети