ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 октября 2020 | 16:53

Туыстарға коллектор хабарласса қайтпек керек? Заңгер түсіндіреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото: zi.ua фото: zi.ua

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 7 триллион теңгеден асады. 2 миллионға жуық адам несиесін мерзімінен бір күн болса да кеш төлеген. Ол кредиттермен қазір коллекторлар айналысып жатыр. Несие төленбеген жағдайда коллекторлар қандай шаралар қолдануға құқылы және қандай әрекеттер үшін жазалануы мүмкін? Олардың борышкердің туыстарына хабарласуға құқы бар ма? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Гүлмира Мұхтарқызы жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 7 триллион теңгеден асады. 2 миллионға жуық адам несиесін мерзімінен бір күн болса да кеш төлеген. Ол кредиттермен қазір коллекторлар айналысып жатыр. Несие төленбеген жағдайда коллекторлар қандай шаралар қолдануға құқылы және қандай әрекеттер үшін жазалануы мүмкін? Олардың борышкердің туыстарына хабарласуға құқы бар ма? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Гүлмира Мұхтарқызы жауап берді.

Сарапшының айтуынша, коллекторларға арналған арнайы заң бар және онда борышкерге қатысты мәліметтің өзге біреуге жеткізілуі заңға қайшы екені айтылады.

"Коллекторлық қызмет" туралы заңда коллекторлардың құқықтары мен міндеттері белгіленген. Бірақ коллекторлық компаниялардың барлығы заңға қайшы жұмыс істейді деп айта алмаймын. Дегенмен көбі заң талаптарына бағынбай, борышкер мен оның таныстарына, көршілеріне, туыстарына қайта-қайта телефон соғып, мазасын алады. Оған қоса, қорқытып, үркітіп жатады. Борышкердің жұмыс орнына ескерту қағаздарын жіберуге де құқық берілмеген. Мұның барлығы заңға қайшы. Олардың борышкердің туысына мен таныстарына хабарласуға құқы жоқ. Себебі мұнда коллектор банк мәліметін үшінші тұлғаға жария етіп жатыр. Сол үшін коллектор бұл жағдайда міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", - дейді заңгер.

Коллекторға өтіп кеткен несиені қалай пайызсыз әрі өсімпұлсыз жабуға болады?

Гүлмира Мұхтарқызының айтуынша, коллекторлар үшінші тұлғаға қоңырау соғып, мазалаған болса, прокуратураға немесе Ұлттық банкке шағымдануға болатынын айтады.

Сондай-ақ, заңгер коллектор борышкерге немесе үшінші тұлғаларға телефон арқылы болсын қандай бір қысым көрсетіп, қорқытып, тіл тигізіп немесе қарызды басқа да бір мүлік түрімен (көлік, пәтер) өтеуін талап еткен жағдайда оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Осы ретте заңгер коллекторлардың заңда көрсетілген құқықтарына тоқталды.

"Заң бойынша коллекторлар борышкерге бір күнде сағат 08.00-21.00 аралығында ең көбі 3 рет қоңырау шала алады, ал демалыс, мереке күндері хабарласуға оларға тыйым салынады. Коллектор мен борышкер аптасына ең көбі 3 рет, ал күніне бір рет қана сағат 08.00-21.00 аралығында кездесе алады, ал кездесу уақытын борышкер өзі белгілейді. Коллектор тек жеке кездесуді ұсына алады. Мұның барлығы тек Интернет арқылы", - дейді сарапшы.

Заңгер коллекторлар өз аты-жөнін айтпай, таныстырмай, агрессив қылық танытып, дөрекі сөйлейтін болса құқық қорғау органдарына арыз жазып, моральдық өтемақы алуға болатынын еске салады. Сарапшының айтуынша, коллекторлар борышкерден кешірім сұрап, өтемақы төлеген жағдайлар көп кездеседі.

Қазақстандықтар қандай жағдайларда кредитті төлеуін тоқтата тұра алады?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer