ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 сентября 2019 | 17:38

Зейнетақыға үй алу. Президент Жолдауынан соң не өзгереді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғаш рет Жолдау жариялады. Еліміздегі зейнетақы төлемдерінің жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер қазу талқыға түсіп жатыр. Осы ретте Мемлекет басшысы үкіметке зейнетақы мәселелерін шешуге қатысты бірқатар тапсырма берген. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бүгінге дейін зейнетақы ережелері жайлы білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғаш рет Жолдау жариялады. Еліміздегі зейнетақы төлемдерінің жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер қазу талқыға түсіп жатыр. Осы ретте Мемлекет басшысы үкіметке зейнетақы мәселелерін шешуге қатысты бірқатар тапсырма берген. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бүгінге дейін зейнетақы ережелері жайлы білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

Бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесі кейінге қалды

Президент Жолдауында бірінші кезекте қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырды.

"Үкіметке қосымша бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін қалдыруды тапсырамын. Кейінірек осы мәселеге тағы ораламыз. Сол уақытқа дейін үкіметтегілер, бизнес өкілдері және сарапшылар бір келісімге келуі керек", - деген еді Тоқаев.

Зейнетақы жинағын баспана алуға жұмсауға рұқсат ету

Зейнетақы мәселелері жайлы айта келе, Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы қаражатты баспана алу мақсатында жұмсауға рұқсат беру мәселесін қозғады. Президент үкіметтегілер мен Ұлттық банк өкілдеріне зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырды. 

Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мұндай мүмкіндікті тек шоттағы қаражатты алдын ала тексерген соң беру керек екенін айтады.

"Халықтың қанша қарызы бар екенін қараңыздаршы. Шоттағы қаражаты зейнет жасында жете ме, жоқ па - белгісіз. Барлығын есептеп, талқылау керек. Тапсырма берілді, енді кішкене уақыт беріңіздер, күте тұрыңыздар", - деп пікір білдірді Досаев.

Үкіметтегілер не дейді?

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкіметтегілердің Президенттің зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі бойынша берген тапсырмаларын қалай орындайтынын айтып берді. 

"Президент тапсырма берді. Үкіметтегілер мемлекеттік органдармен бірге осы мәселемен айналысады. Бірінші кезекте зейнетақы жинағын баспана алу, білім алу және медициналық қызмет түрлерін қолдануға қатысты мәселені қарастырамыз. Мұнда барлығы зейнеткердің жасы мен шотында жиналған қаражатқа байланысты болады деп ойлаймын. Шотындағы қаражат өмірінің соңына дейін жете ме, жоқ па - барлығын есептеу керек, сосын ғана ұсыныс айтылады", - дейді Сапарбаев.

Енді зейнетақы жаңа ереже бойынша қалай есептеледі? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. Ал 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері - 85 697 теңге, оның ішінде базалық зейнетақы - 26 978 теңге, ортақ зейнетақы 58 719 теңге екен.

Мысал үшін еңбек өтілі 33 жыл, еңбекақысы 172 мың теңге (бүгінгі күні орташа жалақы) қызметкерді алайық. 33 жыл ішінде инвестициялық табысты есепке ала отырып, қызметкердің жалақысынан 10 пайыздық зейнетақы жинақтары шамамен 12,7 миллион теңге болады. Бұл ретте жалақының өсуі ескерілмейді. Еңбек демалысына шыққан кезде қызметкердің зейнетақысы 140 мың теңге болады да, оның ішінде жинақтау -110 мың теңге, базалық - 30 мың теңге. Алайда мұндай жағдайда жұмыс берушінің жарнасын енгізу есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің зейнетақысы 50 мың теңгеге ұлғайып, 190 мың теңгеге жетеді.

Зейнетақы көп болу үшін не істеу керек?
 

Былтыр бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жас қазақстандықтарға жоғары зейнетақы алудың қамына қазірден бастап кірісу керектігін айтқан болатын.

Сондай-ақ, Жақыпова сол кезде 2020 жылдан бастап шартты жинақтау жүйесі енгізілетінін мәлімдеген еді. Жұмыс берушінің қоластындағы қызметкері үшін қосымша 5 пайыз аударатыны сол кезде талқыланған болатын.

"Сіз еңбек нарығына 21 жаста келсеңіз, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кем дегенде 33 жыл қатысуыңыз керек. Сол кезде базалық деңгей ретінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алуға мүмкіндік бар. Ал егер сіз зейнетақы жүйесіне қатысып, зейнетақы жарнасын толық көлемде уақтылы аударып отырсаңыз, онда БЖЗҚ-дан да төлем төленеді. Басты басымдық осы. Яғни кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алады", - деп түсіндірген еді бұрынғы вице-министр.

Оқи отырыңыз:

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімге қалады?

Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы бар - Түсіндіреміз

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer