Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июня 2019 15:01

Байкалда 1637 метр тереңдікте орналасқан. Уақыт капсуласы туралы не білуміз қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт капсуласы дегеніміз не? Оны не үшін келешек ұрпаққа қалдырады? Бұл үрдіс қай уақыттан бері жалғасып келеді. Tengrinews.kz тілшісі уақыт капсуласы туралы мағлұмат жинады. 


Уақыт капсуласы дегеніміз не? Оны не үшін келешек ұрпаққа қалдырады? Бұл үрдіс қай уақыттан бері жалғасып келеді. Tengrinews.kz тілшісі уақыт капсуласы туралы мағлұмат жинады. 

Негізі уақыт капсуласы болашақ ұрпаққа арналған хабарламаның бір түрі ғана. Уақыт капсуласының ішінде болашақ ұрпаққа арналған үндеу және дәл сол уақытты меңзейтін зат та болуы мүмкін. Яғни капсуланың ішіндегі заттар келетін ұрпаққа, оны орнатқан адамдардың өмірі туралы мағлұмат беру үшін қойылады.  

Капсула көбіне салынып жатқан ғимаратқа немесе инфрақұрылым, ескерткіш нысандарының маңына көміледі. Дегенмен, көп жағдайда уақыт капсуласын, яғни болашақ ұрпаққа арналған хабарламаны салтанатты түрде қалдырады. Оған қоса бұл шара БАҚ-тың қатысуымен өткізіледі. Уақыт капсуласын орнату барысында, оның ашылу мерзімі де белгіленеді. Алайда уақыт капсуласы ішіндегі сақталған мәтінді орнатылған кезде жариялануы мүмкін немесе ол тек ашылған уақытта көпшілікке мәлім болады. Осы уақытқа дейін жоспарланған мерзімінен бұрын ашылған уақыт капсулалары да болған. 

Тарихи деректерге сүйенсек ағылшын тіліндегі time capsule термині 1937 қолданысқа енген. Нью-Йоркте халықаралық көрмеге дайындық барысында уақыт капсуласын қою туралы шешім қабылданған. Бастапқыда оны "уақытша бомба" деп атаған. Бірақ бұл атау мағынасына байланысты өзгерген. Айта кетейік, ең алғаш қойылған уақыт капсуласының салмағы 363 келі болған.


Уақыт капсуласы қойылған жер. © enacademic.com

Оның ішіне жіп, қуыршақ, есеп-қисап кітабы, дән салынған қорап және микроскоп, мәтін жазылған парақ, мұнда Альберт Эйнштейннің хаты салынған еді. Сонымен қатар 1965 жылы оның жанына тағы бір уақыт капсуласы орнатылған. Сондай-ақ жәдігерлер 15 метр тереңдікке орналастырылған еді. Осыдан кейін әлем бойынша уақыт капсуласын орнату көбейді. Керек десеңіз уақыт капсуласын зерттейтін халықаралық ұйым пайда болған. Негізі кейбір уақыт капсулаларының орнатылуының өзі қызығушылық тудырады. Мысалы 2015 жылы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері уақыт капсуласын Байкал көлінің ең терең жеріне түсірген. Яғни 1637 метр тереңдікке. Операция барысында сүңгуірлер 40 метр тереңдіктен капсуланы төменге қарай жіберген. Жәдігердің ішіндегі заттар жасырын қалмады. Оның ішіндегі жазылған хатта екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығы туралы айтылған. 


© Vesti.RU

Ал біздің елімізде ең алғаш рет 2000 жылы Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданында орналасқан мектептептердің бірінде салтанатты жиында оқушы темірден жасалған уақыт капсуласын ашқан. Бұл капсуланы 1968 жылы пионерлер орнатқан екен. Оның ішінде хаттар, суреттер және пионерлердің жұмыстары суреттелген мәтіндер болған. 

Сондай-ақ 2017 жылы 15 желтоқсанда Қостанайда 50 жыл бұрын қойылған геологтардың уақыт капсуласы ашылған. Ол ашылмай тұрып геологтардың музейінде сақталған. Негізінде XXI ғасыр ұрпақтарына арналған хабарлама бастапқы жоспар бойынша геологтар күніне орай ашылуы керек еді. Бірақ оны 15 желтоқсанда ашқан.


© "Наша газета"

Бұл жәдігер тау жыныстарынан жасалған. Капсула ішіндегі мәтінде былай деп жазылған:

"Біз XXIII Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының замандастарымыз, сондай-ақ ғарышты игеру дәуірінің басталуын алғаш көргендердің біріміз. Айға қонған жер аппараттарының да дәуірін көрдік. Сонымен қатар Страхов, Шолохов, Шостакович, Гагарин, Королевтердің замандастарымыз. Біз 50-жылдары меңгерілмеген бетпақ далаға келдік. Пионерлер Солтүстік Қазақстанның байлығын игергендердің алғашқылары болды. Оған қоса Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін адам аяғы көп баспаған жерде жұмыс істедік. Бізге романтика мен болашаққа деген айқын сенім арқау болды", - делінген болашақ ұрпаққа арналған хабарламада.

Айта кетейік, таяуда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болашақ ұрпаққа үндеу жасап, Алматыдағы ҚБТУ ғимаратының алдындағы аллеяда "уақыт капсуласын" салған еді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті іс-шара барасында бұл үндеудің қазақстандықтардың болашақ ұрпағына қандай маңызы бар екенін атап өтті. "Уақыт капсуласында" заманауи сарында жасалған ұлттық ою-өрнектерді байқауға болады. Сондай-ақ, оның петроглифтерге ұқсас екені байқалды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети