ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 января 2019 | 13:52

Қытайлар Айдың арғы бетіне қонды. Тұңғыш операция жайлы не білеміз

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© CNSA © CNSA

Айдың бүгінге дейін қараңғы, белгісіз болып келген жағы зерттеле бастады. Қытайлар айға қондырған станциясы арқылы бұрын-соңды ғарыш аппаратары болып көрмеген бөлігінен суреттер жолдап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі жер жаһанды осы ақпаратпен өзіне назар аудартқан қытайлықтардың операциясы жайлы шолу ұсынады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Айдың бүгінге дейін қараңғы, белгісіз болып келген жағы зерттеле бастады. Қытайлар айға қондырған станциясы арқылы бұрын-соңды ғарыш аппаратары болып көрмеген бөлігінен суреттер жолдап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі жер жаһанды осы ақпаратпен өзіне назар аудартқан қытайлықтардың операциясы жайлы шолу ұсынады.

Ай не үшін зерттеліп жатыр?

Зерттеушілердің айтуынша, Ай ғылымға өте қызық аспан денесі болып саналады. Ай қабықтары шамамен 4,4 миллиард жыл бұрын пайда болған.

Жер бетінде мұндай ұзақ уақыт сақталған тау жыныстары жоқ. Ал Айда ол бастапқы күйінде сақталған. Бұл жағдай жердің қалай пайда болғанын анықтауға мүмкіндік береді деседі.


Айдың арғы бетінде түсірілген сурет

Станцияның қону сәті

"Чанъэ-4" ұшқышсыз станциясы 2018 жылдың 7 желтоқсанында ұшырылған. 112 сағаттан кейін спутниктік орбитаға жетіп, қонуға дайындалған. 3 қаңтарда "Чанъэ-4" Айдың оңтүстік полюс бөлігінде орналасқан - Эйткен хаузына қонған. Ай кеңістігінде бұл мекен ең үлкен және көнеден келе жатқан екпінді құрылым. Жер серігінің бұл жақ бөлігіне бірінші рет ұшқышсыз аппарат аттанды.  Ғарыш зондына орналыстырылған камераның көмегімен, зерттеушілер жасалған панорамалық суреттер арқылы Айдың көрінбейтін екінші бөлігінің жоғарғы қабатын көре алды. Ғарыш аппаратымен байланыс және камераға түсірілген суреттер "Цюэцяо" атты орбиталық ретраслянтор арқылы жерге жіберіліп жатыр.

Операцияның мақсаты не?

Станциясының бортында Ай бетінде жүруге арналған аппарат орналасқан, оның бірнеше мақсаты бар: қонған аймақтың ерекшілігін зерттеу, геологикалық және астрофизикалық тәжірибе өткізу, оған қоса ең басты мақсат - Айдың қолайсыз қоршаған ортасында, яғни ол аз тартылыс күші, жоғарғы және төменгі температура, ол жақта түнгі уақытта ауа температурасы -180°C-ге дейін төмендейді. Осындай жағдайда тірі ағзаларды өсіру тәжірибесі сыналмақшы.


Аппарат тұрған тұс осы. Суретте Айдың бедері көрінеді

Ай бетінде мақта көктеп шықты

Бұл планетааралық саяхаттың нәтижесі, жер шарындағы адамдарға тосынсый болуы мүмкін. "Чанъэ-4" станциясымен Айға жеткізілген мақтаның дәні сол жақта көктеп шыққан.

Оған қоса бітеулі контейнермен картоп дәндері, рапс, жібекқұрт және тағы да басқа өсімдіктер жеткізілді. Зерттеушілердің мақсаты осы өсімдіктерді ғарыштық аппаратта жабық экожүйеге орналастырып, олардың өсіп шығу мүмкіндігін тексеру. Егер тәжірибе оң нәтижесін берсе, ғарышкерлер үшін көкөніс өсіруге мүмкіндік туады және шыққан өніммен тамақтана алады. Ал бұл дегеніміз ғарышкерлерге азықты толықтыру үшін жерге қайта-қайта оралмауына мүмкіндік береді.


Айда өсірілген алғашқы өсімдік - мақта

Ай бұрындары қалай зерттелген?

Айта кетейік, қытайлықтар Айды зерттеуді тек 2004 жылы бастаған. Кеңестік және америкалық негіздерін пайдалана отырып олар өз орбита серігіне "Чанъэ-1" және "Чанъэ-2" аппараттарын жіберген. Олар "Чанъэ-4" станциясының қонуына ыңғайлы аймақ іздеген.

Қытайлықтардың алдында 1976 жылы Кеңес одағының "Луна-24" станциясы Айды зерттеу жұмыстарын жасаған. Ол станция тек Айдың жерден көрінбейтін тұсының суреттерін жасаған.

Ендігі жоспар не?

Ендігі кезекте қытайлықтардың 2027 жылға дейін Айды зерттеуге жоспары құрылған. Олар 2023 жылы "Чанъэ-5" арқылы ай топырағын тасымалдамақшы. Бұдан кейін "Чанъэ-6" станцияларын қолданып, Марстың  солтүстік полярлық кратерін зерттеуді мақсат тұтып отыр.

Алдағы уақытта олар автоматтық ғылыми зерттеу консерваториясын Айда орналастырмақшы. Тек қытайлықтарда Айдың аймағында орналасқан бес аппараты бар. Қалған мемлекеттер мұндай жестіктерімен мақтана алмайды.

Мамандар не дейді?

Осы жобаны жасаушы ғалым Се Гэнсинь South China Morning Post гонконгтық газеттердің біріне берген сұхбатында "осы тәжірибе арқылы біз адам баласының ғарышта өмір сүру мүмкіндігін біле аламыз. Төменгі гравитацияда осы өсімдіктерді өсірсек, алынған деректер бізге болашақта Айда ғарыш базасын құруға көмектеседі" деген.

Аустралиялық астроном Фред Уотсон бұл жаңалыққа былай баға берген - "Енді бізге Айда жасанды түрде егін өсіруге ешқандай кедергі жоқ. Менің ойымша ендігі кезекте айды аялдама ретінде қоладанумыз керек, мысалы Марсқа ұшу үшін".

Суреттер China National Space Administration
ресми сайтынан алынды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer