КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
18 февраля 2020 | 12:59

25 тоннаны 20 шақырымға дейін сүйрейтін қара күш иесі Тимур Спатаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тимур Спатаев © instagram.com/temir_spataev Тимур Спатаев © instagram.com/temir_spataev

Тимур Спатаев бала күнінен спортқа бейім. Ол 1982 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында спортшылар отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі. Кейіпкеріміз Тимур Спатаев Tengrinews.kz тілшісіне бұған дейін орнатқан рекордтары, спорттағы мансабы туралы айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тимур Спатаев бала күнінен спортқа бейім. Ол 1982 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында спортшылар отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі. Кейіпкеріміз Тимур Спатаев Tengrinews.kz тілшісіне бұған дейін орнатқан рекордтары, спорттағы мансабы туралы айтып берді. 

"Спортты жаным сүйеді"

Тимур Спатаевтың спортта жүргеніне 25 жылдай болған. Халық арасында "әмбебап спортшы" атанған ол спорттың бірнеше түрімен кәсіби түрде айналысады. 

"Өмірім спортпен байланысты деп айтсам болады. Кәсіби түрде қолкүреспен, гір тас көтерумен, қазақ күресімен айналысамын. Қазақстанда да, шет елдерде де бірнеше рет өнер көрсетіп қайттық. Гір тасынан спорт шеберіне үміткермін", - дейді Тимур Спатаев. 


Тимур Спатаев © instagram.com/temir_spataev

Кейіпкеріміздің айтуынша, оның спортқа бетбұруына әкесінің ықпалы тиген. 

"Әкем атақты палуан болған. Әке - балаға айна. Шетелдерде күрескен, атақты көкбаршы болған, бәйге шапқан. Біз Жәмеңке батыр, Ұзақ батырдың ұрпағымыз, арғы аталарымыз мықты болған. Отбасымызда 10 баламыз, қыздарымыз да, ұлдарымыз да спорт шебері деп айтсам артық айтпағаным болар. Былайша айтқанда, отбасымыздың дені спортшылар", - дейді спортшы. 

Тимур Спатаевтың күш экстримі бойынша кәсіби түрде айналысып, рекорд орнатып жүргеніне үш жылдай болған. Негізгі мақсаты - қара күшті елге, әлемге насихаттау екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темір Спатаев (@temir_spataev)

"Спортты жаным сүйеді. Соның да әсері шығар, қазір Қажымұқан мен Балуан Шолақ аталарымыздың жасаған шеберлік әдістерін кәсіби түрде алып жүрмін. Мақсатым соны халыққа, елге, әлемге танытып, насихаттау. Былтыр Мәскеуде, Түменде, Өзбекстанның Қоқан қаласында министрлермен кездесіп, көптеген іс-шараға қатыстым. "Ұлы дала көшпенділері" этнофестіне қатыстым. Одан бөлек, еліміздегі бірнеше қаладан түрлі мектепке шақырту алып, оқушылармен кездесіп, күштік спортты насихаттап жүрген жайым бар", - дейді Тимур Спатаев. 

Ұлылардың кездесуі. Балуан Шолақ пен Қажымұқан белдескен бе?

Орнатқан рекордтары туралы

Тимур Спатаев екі жыл бұрын әлемде бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Ол 2018 жылы наурызда үшкір шегелердің үстінде кеудені жерден 11 рет көтеріп, рекoрд жасаған. Артынша араға үш ай салып спортшы өз рекордын жаңартты. Тимур "Таңшолпан" бағдарламасында шегелердің үстінде кеудесін жерден 15 рет көтеріп, мұны Қазақстан рекордтар кітабының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеген. 

© "Таңшолпан" бағдарламасы

"Біз қазақ қанымыз мықты ұрпақпыз. Елдің істегенін біз де істей аламыз ғой деген оймен бел буып, арнайы Қазақстан рекордтар кітабына үш шегенің үстінде кеудені жерден көтеріп (отжимание) рекорд орнатқан болатынмын. Артынан бұл рекордымды өзім жаңарттым. Үшінші рет үш шегенің үстінде планкада тұрдым. Төртінші рет бес шегеден уақытқа неше түрлі өрнектер жасап, рекорд орнаттым. Үш жүздік шегені уақытқа байлау - бесінші рекордым. Биылғы Наурыз мейрамына да дайындалып жатырмын", - дейді Тимур. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темір Спатаев (@temir_spataev)

Үш шегенің үстінде кеудесін жерден көтеруге кейіпкеріміз бір жарым жылдай дайындалған екен. Оған судың астында демалмай тұрып, тепе-теңдікті сақтауға, денені қатыру, қолдың күші туралы зерделеп, арнайы кәсіби түрде дайындалғаннан кейін жасаған. 

Ол былтыр 1 минут 45 секундта жеті шегеден бес пішін шығарып, рекордтар кітабына енген. 

Денесімен де, тісімен де көлік сүйрейді

Кейіпкеріміз денесімен де, тісімен де бірнеше тонна көлік құралдарын сүйреген. Айтуынша, оған да біраз дайындық керек. 

"Тіспен жаттығуға күнделікті дайындаламын. Тісті, мойынды, қолды, белді тіпті аяқты да жаттықтырып, дайындау керек. Себебі оған арнайы дайындалмаса, жаттығудың бұл түрін екінің бірі жасай алмайды деп ойлаймын. Ақыры бастағаннан кейін үзбей жаттығамын. Бәрін уақытымен көтеріп жаттығамын. Ол үшін белімді қатырып, құнарлы ас ішемін. Мұндайда қазақтың еті, сорпасы, қымызы деген секілді құнарлы тамақтары пайдалы", - дейді спортшы. 


© Qazaqstan ұлттық арнасы

Айта кетейік, былтыр Тимур Спатаев ішінде 7-8 адам отырған 2,5 тонна көлікті 15 метр қашықтыққа тісімен сүйреген. 

Тимур Спатаев 24-25 тонналық техниканы 10-20 шақырымға дейін сүйреген. Оның ішінде K-700, үлкен камаз бен пойыз бар. Аттың үстінде шауып 25 келілік қылышты көтеріп, 24 келі гір тасын айналдырған кездері болған. Одан бөлек, былтыр өгізді 200-ден аса көтерген екен. 

© Qazaqstan ұлттық арнасы

"Әр баланы шыңдайтын мектеп ашамын деп ойлаймын"

Кейіпкеріміз өзі айналысып жүрген күштік экстримді, қолқүресті, жалпы спорты насихаттайтын мектеп ашса деген ойы барын айтты. 

"Әрине, менің айналысып жүргенімді мен ғана білсем деген ой жоқ. Әр қазақтың баласы мықты болса. Біз батыр бабалардың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек. Біздің балаларымыз табиғи күш, таза ниетті болса, алынбайтын қамалымыз болмайды. Сондықтан болашақта жастарды, қазақстандық азаматтарды спортқа дәріптейтін спорт мектептерін ашқым келеді.

Жастарды спортқа шыңдап, білімді қылып, патриоттық сезімін оятқым келеді. Өзімнің істегендерімді артымдағы балаларға, жастарға паш еткім келеді. Алдағы таңда спорт зал міндетті түрде болады деген ойдамын", - дейді Тимур Спатаев. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer