КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
12 июня 2020 | 10:32

Ресей билігі коронавирустан қайтыс болғандардың санын азайтып көрсеткені рас па?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Ресей дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұр. Елде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асқанымен бірнеше басылым адам өлімі аз тіркелгеніне күмәнмен қараған. Тіпті ел билігі шын мәнінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың санын жабық қалдырып отыр деген пікірлер болған. Ресей билігі коронавирустан қайтыс болғандардың санын азайтып көрсеткені рас па? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұр. Елде коронавирус жұқтырғандар саны жарты миллионнан асқанымен бірнеше басылым адам өлімі аз тіркелгеніне күмәнмен қараған. Тіпті ел билігі шын мәнінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың санын жабық қалдырып отыр деген пікірлер болған. Ресей билігі коронавирустан қайтыс болғандардың санын азайтып көрсеткені рас па? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Елдегі қазіргі жағдай

Бүгінде 146 миллионнан аса халқы бар Ресейде 13,8 миллион адам тесттен өтіп, COVID-19 жұқтырған 502 436 адам анықталған. Оның жартысынан көбі, яғни, 261 150 адам аурудан айыққан. Көршілес елде алғаш коронавирус 31 қаңтарда екі Қытай азаматынан анықталған. Артынша екеуі де ем алып, 11-12 ақпанда ауруханадан шыққан.

COVID-19 Ресейдің барлық аймағында анықталды. 24 мамырда Ресей дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша үшінші орынға шықты. Ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың және қайтыс болғандардың саны бойынша Мәскеу бірінші орында тұр. 11 маусымдағы жағдай бойынша, 199 мыңнан аса адамның 113 мыңы аурудан айыққан. 3085 адам қайтыс болған. Екінші орында Мәскеу облысы - 46 457 адамның 622-сі қайтыс болған.

© REUTERS

Елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзінше, коронавируспен күрес жағдайын ауырлатып тұрғаны - ресейліктер жағдайды толық түсінбей, сақтық шарасын қадағаламауы.

Ресми статистикаға сәйкес, Ресейде өзге елдермен салыстырғанда коронавирустан болған адам өлімі айтарлықтай аз. 8 мамырда Роспотребнадзор басшысы Анна Попова елде COVID-19-дан болған өлім саны 0,9 пайыз екенін айтқан. Оның сөзінше, бұған мамандардың коронавирусты дер кезінде анықтауы себеп болған көрінеді. New York Times мәліметінше, Ресейде адам өлімі миллион тұрғынға 13 адам, ал әлем бойынша бұл көрсеткіш - миллион тұрғынға 36 адам.

Ресей билігі коронавирустан қайтыс болғандардың санын азайтып көрсеткені рас па?

New York Times және Financial Times газеттері Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі сәуір айындағы өлім жағдайын салыстырып, Ресейдегі ресми мәлімет азайтылып көрсетілген болуы мүмкін деген ойға келген. Мәскеудегі тәуелсіз демограф Алексей Раша коронавирус инфекциясына байланысты 70 пайыз өлімнің Мәскеу бойынша статистикасында көрсетілмегенін, ал аймақтың статистика бойынша 80 пайыз өлім туралы дерек келтірілмегенін айтады. Ракшаның сөзінше, осылайша жергілікті билік қажет нәтижені алмақ болған.

Мақала шыққаннан кейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Financial Times пен New York Times-тан айыпты теріске шығаруды талап еткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович Мәскеу коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың санын қасақана азайтып отырғанына сенбейтінін, алайда деректер қайта есептелетінін айтқан.  

ДДҰ-ның денсаулық сақтау бойынша төтенше жағдай бағдарламасының директоры Майкл Райан 2020 жылдың маусымында Ресейде коронавирустан болған өлім санын "түсіну қиын екенін" айтқан. Оның сөзінше, науқастар саны көп тіркелгендіктен өлім санының аз болуы "ерекше" көрінеді. Майкл Райан Ресей билігі вирустан қайтыс болғандар санының есебін қайта қарастыру керегін айтқан.


© REUTERS 

Financial Times газетінде шыққан мақалаға елдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы расталған адамдардың қайтыс болуына басқа да аурулар себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Яғни, COVID-19 жұқтырған барлық ауру аталған вирустан қайтыс болғандардың тізіміне кірмеген болуы мүмкін.

Одан бөлек, БАҚ өкілдерінің айыптауларына Мәскеудің Денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Мәскеу коронавирустан қайтыс болғандар туралы тек ашық мәлімет беретіні айтылған. Өлім-жітімнің 60 пайызы баламалы себептерге байланысты болған, яғни, миокард инфаркті, инсульт, 4-деңгейдегі онкологиялық аурулар мен басқа да өлімге әкеліп соғатын аурулар.

2020 жылдың маусымында Мәскеу Денсаулық сақтау департаменті ДДҰ ұсынымдарын ескере отырып, сәуірдегі өлім-жітімнің толық талдауын жариялады. Талдауға сәйкес, Мәскеуде коронавирус диагнозымен 1561 адам қайтыс болды. Одан коронавирустан қайтыс болғандардың саны күдік ұялататыны туралы CNN журналистерінің сұрағына ел президентінің сұрағына Песков Ресейдің денсаулық сақтау жүйесі әсер еткенін айтады.

"Мен мұнымен келіспеймін. Сонда сіздер Ресейдің денсаулық сақтау жүйесі көптеген адамның өмірін сақтап қалатынына сенбегендеріңіз бе?", - деді Песков.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.25  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer