ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 августа 2019 | 17:26

Сібірде бір Бельгияның аумағы күлге айналды. Билік өртті неге сөндірмей отыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгінде Ресей ғана емес, бүкіл адамзат алаңдап отырған Сібірдегі өрт шілдеде басталған. Өрттің салдарынан Сібірдің ірі қалаларын тұман басты. Бұл елдімекендегі алапат неден басталды? Билік не үшін әрекет жасамай отыр? Сарапшы мамандар не дейді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Ресей ғана емес, бүкіл адамзат алаңдап отырған Сібірдегі өрт шілдеде басталған. Өрттің салдарынан Сібірдің ірі қалаларын тұман басты. Бұл елдімекендегі алапат неден басталды? Билік не үшін әрекет жасамай отыр? Сарапшы мамандар не дейді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Бүгінге дейін не белгілі?

Айдың басында басталған Сібірдегі өрт 26 шілдеде 3 миллион гектар аумақты шарпыған. Бұл - шамамен Бельгияның аумағы. Бұл аймақтың 90 пайызы қаражаттың жетіспеуінен сөндірілмей отыр. Тек 29 шілдеде Краснояр өлкесінде және Иркутск облысында төтенше жағдай жарияланған. 

Ресей мемлекеттік думасының экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің басшысы Владимир Бурматовтың айтуынша, өрттің өршуі аймақтағы бірқатар шенеуніктің біліксіздігіне байланысты болуы мүмкін. Оның сөзінше, өртке қарсы техниканы сатып алуға қаражат аймақтарға біршама кешігіп жеткен. Кейін бұл қаражат игерілмеген де.

Өрт көршілес аймақтарға да жеткен. Оның ішінде Ресейдегі Хақас республикасы да бар. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, соңғы аптада аймақта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан үш адам қаза болған. Сондай-ақ өрттің салдары Моңғолияға да жеткен.


© "Планета" зерттеу орталығы

Бұл Ресейде болған алғашқы жағдай емес. Жыл сайын Сібірде өрт болып, бірнеше мың гектар орман күлге айналған. Әр маусымда еріктілер өрт сөндірушілермен бірге табиғи апатқа қарсы тұратын.

Ал бұл жолғы жағдай бөлек. Өрттің негізгі шығу себебі ресми деректер бойынша ұзақ уақыт құрғақшылықтың кесірінен болған құрғақ найзағай мен 30 градустан жоғары ыстықтың және желдің салдары.

Мамандардың айтуынша, бұл шындыққа жанасатын ақпарат. Себебі нақты уақыттағы спутниктік мониторингтің деректері бойынша, биылғы көптеген өрт ошақтары қолжетімсіз және адам өмір мекендемейтін жерлерде болған.

Билік өртті сөндіруге неге әрекет жасамай отыр?

Өрттің көп бөлігі заңды негізде сөндірілмей жатыр. Себебі Ресейдің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2015 жылғы "Орман өрттерін сөндіру ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аймақтық билік органдары елді мекендерге қауіп төндірмесе және өртті сөндіру шығындары болжанған залалдан асып кетсе өртті сөндіре алмайды.

Осыған байланысты Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев Сібірдегі қауіпсіздік тобын күшейтуді тапсырған.

"Осы уақытқа дейін адамдардың өміріне қауіп төнген жоқ, бірақ бұған байланысты қиын болжамдар айтылып жатыр", - дейді Медведев. 


© РИА Новости

Күні кеше Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіне Сібірдегі орман өртін сөндіруді тапсырған. Ресейдің қорғаныс министрлігі Краснояр аймағындағы өртті сөндіру үшін 10 Ил-76 ұшағы мен 10 арнайы тікұшақ жіберілетінін мәлімдеген. 

Бірнеше күн бұрын, 29 шілдеде "Бирюс-2019" жастар форумында сөз сөйлеген Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усс билік өкілдері не үшін өртті сөндірмей жатқанын түсіндірген еді. Ол бұл оқиғаны табиғи апат деп және оны сөндірудің түк айдасы жоқ екенін мәлімдеген.

Ал Greenpeace-тің Ресейдегі орман бөлімшесінің бастығы Алексей Ярошенко "Сібірдегі ірі орман өртін сөндірудің қазір пайдасы жоқ, мұны бір ай бұрын қолға алу керек еді" дейді. 

Сарапшы Сібірдегі өрт себебі туралы күтпеген нұсқа ұсынды

Алапат өрттің шығуына байланысты бірнеше нұсқа бар. Ал "Московский Комсомолец" сарапшысының айтуынша, бұл өрт болашақта ағаш кесуде пайдасын тигізуі мүмкін. Яғни әдейі жасалып отырған іс дейді. 

Өртке байланысты шыққан тағы бір нұсқаның бірінде заңсыз орман кесу іздерін жасыру үшін арнайы өрт қойылғаны айтылады. Осыған байланысты ірі шенеуніктерге қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған кезде бір уақытта бірнеше аймақта бірден өрт шықты. Бұл мүмкін емес жағдай дейді сарапшылар. 


© Ресей ТЖМ

Ал Ресейдің либерал-демократиялық партиясының көшбасшысы Владимир Жириновский Telegram-дағы арнасында өрттің шығу себебін штаттағы орман күзеті қызметкерлерінің қысқаруының нәтижесі деп түсіндірді.

"Қызметкерлердің санын 5 есе қысқартқан. Егер бұрын біз өрттің алғашқы белгілерін тез анықтап, сөндірген болсақ, қазір оны қадағалайтын да, анықтайтын да, ешкім жоқ. Жалын миллиондаған гектар аумақты алғанша күтеміз. Сонда да сөндіргісі келмейді. Мен түсінемін, бұл қымбатқа түседі. Бірақ халықты кім ойлайды?", - дейді Жириновский.

Сарапшылардың пікірінше, Сібірдегі өрт XXI ғасырда болған жалын апаттарының ішінде төртінші орында тұр. Алайда өрттің тек 10 пайызы сөндіріліп жатқандықтан, бұл көрсеткіш кез келген уақытта өзгеріп, бұл жағдай ғасыр дертіне айналуы мүмкін. 

Әлемдік деңгейдегі көмек

Кеше, 31 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Сібірдегі өртті сөндіруге көмектесуді ұсынды. Ресей Федерациясының басшысы қажет болған жағдайда бұл ұсынысты пайдаланатынын атап өтті. Бұл қадамды ол екі ел арасындағы толық форматты қатынастарды қалпына келтірудің кепілі ретінде қарастырды. 

Екі ел басшысы арасындағы әңгіме америкалық тараптың бастамасымен сәрсенбі күні кешкісін өтті. Сондай-ақ, Путин Трампқа Сібірде жалынмен күресу үшін қуатты әуе тобы құрылғанын хабарлаған.

Сонымен қатар әлемдік жұлдыз, Голливуд актері Леонардо Ди Каприо Instagram желісіндегі парақшасында Сібірде өртеніп жатқан орман алқабы жайлы пост жазды. 

"Солтүстік поляр шеңберіндегі барлық елді мекен орман өртінен зардап шекті. Көкке көтерілген түтін Гренландия, Сібір, Аляска маңынан, тіпті, ғарыштан анық көрініп тұр. Халықаралық метеорологиялық ұйымның хабарлауынша, Швецияда 1 жылда бөлінетін көмірқышқыл газы Сібірде өрт кезінде 1 айдың ішінде бөлінген", - деп жазды Ди Каприо.

Ресейлік танымал адамдар Сібірдегі жағдайға байланысты өз ойларын айтып жатыр. Оның ішінде Максим Галкин, рэпер Баста және стилист Сергей Зверевтер бар. Желідегі аккаунттарында олар жергілікті билік органдарын өртке қарсы күрес шараларын қабылдауға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Максим Галкин (@maxgalkinru)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В Сибири и на Дальнем Востоке прямо сейчас горит несколько миллионов гектаров леса. Смог от пожаров накрыл крупнейшие города, в которых людям нечем дышать. Они дышат гарью. Мы обращаемся к местным и федеральным властям с просьбой сделать все, что от них зависит в этой чрезвычайной ситуации. Мы много потеряли, но осталось то, что еще можно спасти. #потушитепожарывсибири #мирспасисибирь

Публикация от Василий Вакуленко (@bastaakanoggano)  

Сондай-ақ қазіргі таңда 600 мыңға жуық адам елде төтенше жағдай режимін енгізу туралы петицияға қол қойған.

Сібірдегі өрт Қазақстанға қауіпті ме?

Бұған дейін Сібірдегі орман өртінің түтіні Қазақстандағы жеті облысқа жеткені хабарланған. Алапат өрттің түтіні батыс пен оңтүстік аймақтарға таралып, тіпті Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жеткен. Салдарынан ауа айтарлықтай ластанған.

Елдің Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Ресейдің Сібір аумағындағы өрттің таралуы Қазақстанға қауіпті емес екенін мәлім еткен. 

"Біз өртті бастапқы кезеңде өшіруге бар күш-жігерімізді салып келеміз. Өкінішке қарай, Ресейде табиғи өрт проблемасы бар. Өйткені бұл елдің аумағы өте үлкен. Сонымен қатар, біздегі сияқты Ресейдегі елді мекендер арақашықтығы тым алшақ. Ресейліктер өрт ошақтары анықталған жағдайда бізге хабар береді. Бұл шаралар өртке уақтылы әрекет ету үшін жасалады", - деді ол.

Айте кетейік, Ресейдегі орман өрті шамамен алдағы бес күндікте сөндірілуі мүмкін деген болжамдар бар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer