КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
11 февраля 2022 | 11:19

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мамандардың сөзінше, Алматы сейсмикалық қауіпті ауданында орналасқан. Алматыдағы Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде қалай қорғану керегін және жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мамандардың сөзінше, Алматы сейсмикалық қауіпті ауданында орналасқан. Алматыдағы Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде қалай қорғану керегін және жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді. 

Алматыда жақын арада болуы мүмкін (ықтимал) жер сілкіністері туралы қандай да бір зерттеу бар ма?

Қазақстан территориясында және жапсарлас жатқан аумақтарда жылына 7 мыңға дейін, кей жылдары 10 мыңнан аса жер сілкінісі тіркеледі. Сілкініс қуаты тұрғысынан Алматы өңірі және Алматы қаласы сейсмикалық қаупі өте жоғары болып есептеледі. Бүгінде еліміздегі сейсмикалық қадағалау бекеттерінің дені Алматы жер сілкінісәі қаупі бар ауданында шоғырланған. Сейсмикалық станциялармен қатар мұнда геофизикалық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, деформациялық және де басқа бекеттер кешенді түрде үздіксіз режимде қадағалау жұмыстарын жүргізеді.

Кешенді бақылау станцияларының желісінен алынған деректер (200 параметрге дейін) on-line режимінде өңделіп, талданады. Бұл деректерді талдау және пайымдау (интерпретация) барысында қарастырылып отырған ауданда жер сілкінісінің туындауына әсері болуы мүмін қосымша жанама деректер де кешенді талдауға қамтылады. Мысалы, Күн-Жер-Ай жүйесінде тартылыс күштері арқылы туындайтын тепсеңдік күштердің (прилив) ауданның жер қыртысына әсерлері, Күн белсенділігінің және магнит дауылдарының қарқындылық ерекшеліктері, атмосфералық процесстердің жер қыртысына әсері, жердің астыңғы терең қойнауларында және ғарыштан келетін нейтрондық импульстар мен ағындардың уақыттық өзгерістері және тағы басқасы.

Институт зертханаларында деректерді талдау және оларды қортындылап пайымдау әлемнің жер сілкінісіне қауіпті аймақтарда казір қолданып жүрген жерсілкінісі туындайтын модельдерін және де жер сілкінісін болжау әдістемелік тәсілдерін кеңінен қолдану арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, еліміздің сейсмолог мамандардың, жергілікті жер қыртысының геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмотектоникалық ерекшеліктерін ескере отырып жасақталған Солтүстік Тянь-Шаньда жерсілікінісінің туындау модельдері мен жер сілікінісін болжау нобайлары және кешенді деректерді талдау мен пайымдау әдістері тікелей қолданады.

Осындай үздіксіз атқарылатын кешенді жұмыстар нәтижесінде сейсмолог мамандар Алматы сейсмикалық қауіпті ауданына арналған күшті жер сілкінісін болжау байламдарын жасайды. Ол орта және қысқа мерзімді күшті жер сілкінісін болжау байламдары.

Қалада жер сілкінісінің болу себептері қандай? Қандай жағдайда алапат зілзала болуы мүмкін?

Қазіргі ғылыми деректер жер шарының ішкі тектоникалық күштер әсерінен үнемі қозғалыста болатынын көрсетіп отыр. Осындай қозғалыстар салдарынан жер қыртысының бір бөлігі көтеріліп, екіншісі шөгіп, жер қыртысындағы тау жыныстар орасан зор қысымға ұшырайды. Осының әсерінен олар морт сынып жер сілкіну құбылысын тудырады. Осы тұрғыдан алғанда Алматы қаласы сілкініске пәрменді, сейсмикалық қарқындылығы 9-10 балл болатын аймақта орналасқан.

Алматы қаласы орналасқан Солтүстік Тянь-Шань сейсмикалық аймағы өзінің сейсмикалық потенциалы бойынша кейбір сейсмикалық ошактарда магнитудасы М≥8  жоғары жер сілкіністерін тудыра алатын қуаты бар. Ал қала аумағында соңғы уақыттарда тіркеліп жатқан ұсақ жер сілкіністерін осы аумақтың қалыпты сейсмикалық шырқы ретінде қарауға болады.
 
Қатты жер сілкінісі болған жағдайда адам ең алдымен не істеуі керек? Алғашқы әрекет қандай болуы керек?

1. Сабыр сақтаңыз.

2. Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз. Бәрін бүге-шігесіне дейін тәптіштеуге тырыспаңыз. Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек;

3. Алғашқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық);

4. Артық зат алмаңыз;

5. Эвакуация кезінде қалдырып бара жатқан бағалы бұйымдарыңыз бен жәдігерліктеріңізді жедел түрде жинау және сақтау үшін алдын ала орын дайындаңыз;

6. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз;

7. Төнгелі тұрған төтенше жағдай бойынша әрекет жоспарын нақтылап, алғашқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз;

8. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз;

9. Күнделікті өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз;

10. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңыздан кетпеңіз.

Егер қатты зілзала кезінде адам үйде/көлікте/далада болса не істеуі керек? 

Ғимараттың ішінде қалып қойсаңыз:

Қауіпсіз жерде: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауынан емес негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз;

Мүмкін болса үстелдің астына тығылып, құлауы мүмкін заттар мен жарықшақтардан қорғана аласыз.

  • терезелер мен ауыр жиһаздардан, үзілген сымдардан, алыс тұрыңыз;
  • майшам, сіріңке, оттық қолданбаңыз;
  • электрді қоспаңыз, себебі газ құбыры зақымданса, от тұтанып кетуі мүмкін.

Көлік ішінде болсаңыз:

  • көлікті ғимараттан, көпірден, бағаналар мен ағаштардан алыс жерде тоқтатыңыз;
  • көліктен шықпай, жер сілкінісінің аяқталуын күтіңіз.

Көшеде жүрсеңіз:

  • қауіпсіз ашық алаңда қалуға тырысыңыз;
  • жер сілкінісі кезінде ғимараттардың құлаған қабырғалары мен кірпіштері, әйнектер адамдарға зардабын тигізуі мүмкін. Сол үшін ғимараттардан, электр бағаналарынан және үзілген электр сымдарынан аулақ болыңыз.

Үйінді астында қалып қойсаңыз:

  • сабыр сақтап, көмек шақырыңыз, үрейге бой алдырмаңыз;
  • өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз;
  • қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз;
  • сізді тауып алғанға дейін дауыстап не қимыл жасап, назар аудартатын заттарды қолдану арқылы басқаларға белгі беріңіз;
  • артық қимыл жасамаңыз.

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпті аймақтар/қауіпті жерлер қандай?

Ғимараттың тербелгенін сезген соң, шамдардың шайқалғанын, заттардың құлағанын көрген соң, үдеп келе жатқан шуды сынған шынының сыңғырын естіген соң байбалам салмаңыз (бірінші дүмпулерді сезгеннен бастап ғимарат үшін қауіпті тербелістерге дейін сізде 15-20 секунд уақытыңыз бар). Жылдам құжаттарды, ақша және қажетті заттарды алып ғимараттан шығыңыз. Жайлардан шыққан кезде лифтіні пайдаланбай баспалдақпен түсіңіз. Көшеге шыққаннан кейін ғимараттардан алшақтау, ашық кеңістікке барыңыз. Сабыр сақтап, өзгелерді де тыныштандыруға тырысыңыз.

Егер сіз бөлмеде қалып қойсаңыз, қауіпсіз жерге тұрыңыз: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырға ойығында. Мүмкіндік болса үстелдің астына тығылыңыз - ол сізді құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыз. Егер де жаныңызда балалар болса - оларды қалқалаңыз. Тұтатқыштарды, сіріңкені, шамдарды қолданбаңыз - газ ағып кетсе өрт шығу мүмкіндігі бар. Балкондардан, карнизден, парапеттен алшақ тұрып, жұлынған сымдардан сақтаныңыз. Егер көлікте отырған жағдайда дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық жерде болыңыз.

Зілзала кезінде не істеуге болмайды?

ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз. Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, сіз сол үйіндінің астында қалып қоюыңыз мүмкін. Егер ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақ пен жарық түсірмеңіз. Темекі шекпеңіз. Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Иісті сезсеңіз  төтенше қызметтерге хабарлаңыз.

Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі оларды тексеріңіз: олар уланған немесе бұзылған болуы мүмкін. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын оны да тексергеніңіз жөн. 

Егер құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс. Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз. Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы мүмкін. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.

Жер сілкінісінен кейінгі әрекет қандай болуы керек?

Мұқтаждарға алғашқы көмек көрсетіңіз. Жеңіл алынатын үйінділерге түскендерді босатыңыз. Абай болыңыз! Балалардың, науқастар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажетсіз телефонды пайдаланбаңыз. Радиохабарды қосыңыз. Жергілікті билік, табиғи зілзала зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыз. Электр өткізгіштерде зақым келгенін тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыз немесе пәтердегі электрді ажыратыңыз. Күшті жер сілкінісі кезінде қалада электрдің автоматты түрде ажыратылатындығын есте ұстаңыз.

Газ және су құбырлары ақауларының бар-жоғын тексеріңіз. Ақауларды жойыңыз немесе желілерді ажыратыңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Баспалдақпен түсер кезде абай болып, оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Қираған ғимараттарға жақындамаңыз, оған кірмеңіз. Қайтадан болатын дүмпулерге дайын болыңыз, ол жер сілкінісінен кейін алғашқы 2-3 сағатта өте қауіпті. Ғимараттарға аса қажет болмаса кірмеңіз.

Ресми ақпаратты ғана пайдаланыңыз. Егер сіз үйіндіде қалып қойсаңызжағдаға байыппен қарап, мүмкіндігінше өзіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндінің сыртындағы адамдармен байланыс орнатуға тырысыңыз (дауыспен, үн қатып). От жағуға болмайтынын, унитаздан су ішуге болатынын, ал құбырлар мен батареяны белгі беру мақсатында пайдалануға болатындығын есте ұстаңыз. Күшіңізді үнемдеңіз. Көлікі қауіпсіздікті қамтамасыз ету не көмектесу мақсатында ғана пайдаланыңыз. Балконға шықпаңыз. Зақымданған ғимараттардың жанынан өткен кезде сақ болыңыз.

Телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102), өрт сөндірушілерді (101), дәрігерлерді (103), құтқарушыларды (112) шақыру үшін пайдаланыңыз. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer