ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 ноября 2021 | 18:04

АҚШ генетигі жойылып кеткен жануарды 5 жылда жер бетіне қайтармақ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 2008 Public Library of Science © 2008 Public Library of Science

Қыркүйекте америкалық ғалымдар тобы мен жеке кәсіпкерлер Colossal компаниясымен бірлесіп, жүндес мамонттарды тірілту жоспарын жариялаған еді. Ол үшін ғалымдар гендік инженерия технологиясын қолданып, мыңдаған жыл бұрын жойылған жануарлардың мұздатылған эмбриондарын негізге алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қыркүйекте америкалық ғалымдар тобы мен жеке кәсіпкерлер Colossal компаниясымен бірлесіп, жүндес мамонттарды тірілту жоспарын жариялаған еді. Ол үшін ғалымдар гендік инженерия технологиясын қолданып, мыңдаған жыл бұрын жойылған жануарлардың мұздатылған эмбриондарын негізге алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Осыдан екі жарым жыл бұрын технолоия саласындағы кәсіпкер әрі инвестор Бен Ламм Гарвардтағы атақты генетик Джордж Черчпен одақтасып, гендік инженерияға негізделген стартапты қолға алды.

Джордж Черч, Гарвард медицина университетінің профессоры, генетика ғылымдарының докторы

Компанияға бірнеше коммерциялық демеушіден 15 миллион долларға жуық қаражат құйылған. Енді олар Азияда мекендейтін піл мен мамонт қалдықтарының гибридін будандастырып, осыдан 4 мың жыл бұрын жойылып кеткен жабайы жануарды тірілтеміз деп отыр.

Біз Гарвард университетінің профессоры, генетика ғылымдарының докторы Джордж Черчпен байланысып, жоба бойынша бірнеше сауал қойдық.

Черчтің сөзінше, демеушілер қатарында Ламмнан бөлек, атақты Draper Fisher Jurvetson компаниясының негізін қалаушы Тим Дрейпер мен танымал бизнес коучинг шебері Энтони Роббинс те бар.

"Кейінгі жылдары зертханалық жобаларымыздың бюджеті 100 000 доллардан асқан емес. Қазір жағдай өзгерді. Көптеген беделді компания қызығушылық білдіріп, қаржылай қолдау көрсете бастады. Ең маңыздысы, инвесторлар жобамызға бизнес ретінде қарамай, теңдессіз ғылыми жаңалық деп қарастырып отыр.  

Біз осы уақытқа дейін өз бастамамыз бойынша ешқандай мәлімдеме жасамадық және ешкімнің алдына барып алақан жаймадық. Бүгінге дейін қол жетпес армандай көрінген жоба Бен Ламмның келуімен екінші тынысы ашылғандай болды, себебі стартап тиісті деңгейде қаржыландырылмаған еді", - дейді Черч.    

Генетика ғалымдарының жобасы іске асса, арнайы зертханада туған жүндес мамонттар 6 жылдан кейін жер бетіне оралады.

"Жұмыстың қарқыны керемет, демалыс жоқ. Күн-түн демей еңбек етіп жатырмыз. 2027 жылға қарай зертханадан шыққан алғашқы мамонттарды тундраға жіберуді көздеп отырмыз. Бұрындары осы сұраққа жауап беру өте қиын болатын, қазір бастаған ісіміздің нәтижесі шығып жатқанын білеміз", - деді ол.      

Джордж Черчтің айтуынша, генетика тұрғысынан қарағанда мамонт азиялық пілге өте қатты ұқсайды. Модернизацияланған мамонттың жылы терісі, май қоры және алып тістері болады.  

"Азиялық пілдер де жоғалудың алдында тұр. Оларды құртып жатқан екі мәселе бар. Бірі - герпес вирусы болса, екіншісі - адамдарға жақындығы. Сол себепті олар тегіннен зерттеу нысанына алынып отырған жоқ. Colossal генетикалық модернизацияланған, герпес вирусына төтеп беруге қауқарлы және өте төмен температураға төзе білетін азиялық пілдерді өндірмекші. Алайда олардың сырт келбеті мен жүріс-тұрысы мамонтқа ұқсайды. Генетикалық түрлендірілген піл алдымен жасанды эндометрияға имплантацияланады, содан кейін жатырға ұқсас қапшықта өсіп шығады. Бұл бір сандырақ сияқты естілуі мүмкін, бірақ менің зерттеу тобым 23 піл мен өлі мамонттың гендерін талдап шыққан. Біз азиялық пілді жүндес мамонтқа айналдыру үшін 50-ден астам генетикалық кодқа өзгеріс енгізу қажет екенін анықтадық", - деп сендірді ол.

Фото: ©REUTERS

Стартап авторы Арктиканы жүндес мамонттармен қайта толтыру арқылы қазіргі уақытта метан орналасқан мұз еруін бәсеңдетіп, жаһандық жылынудың алдын алуға болатынын айтады.

"Бұл жоба адамзаттың басына түскен талай мәселені шешіп бере алады. Егер жүндес мамонттар тірілсе, біз оларды Арктикаға жібереміз. Мамонттар ондағы фаунаның алуандығын қамтамасыз етіп, эрозиядан сақтайды. Жүндес мамонт қажет ететін жасыл желек күн сәулесінің бірқалыпты деңгейде түсуіне ықпал жасайды. Бір сөзбен айтқанда, мамонттардың көмегімен жаһандық экожүйені қалыпқа келтіруге болады", - дейді Джордж Черч.   

Сөз соңында америкалық генетик жоба сәтті жүзеге асса, алдағы уақытта жойылған не жойылудың алдында тұрған басқа да жабайы аңдардың мәселесін қолға алатынын айтып отыр.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer