ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 ноября 2021 | 15:59

"Бойшаң адамдар қатерлі ісікке жиі шалдығады". Физиолог өсудің теріс әсерін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация: Impacttv.tv Иллюстрация: Impacttv.tv

Адам бойы тоқтаусыз өсіп жатыр. Бүгінде адамзаттың орташа бойы 100 жыл бұрынғы көрсеткіштен едәуір биік. Tengrinews.kz тілшісі физиолог, "Генетика және физиология" институтының ғылыми қызметкері Болатбек Жақсымовпен тілдесіп, өсімнің себебін, денсаулыққа кері әсерін және алдағы уақытта адамдардың бойы қаншалықты өсетінін сұрады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Адам бойы тоқтаусыз өсіп жатыр. Бүгінде адамзаттың орташа бойы 100 жыл бұрынғы көрсеткіштен едәуір биік. Tengrinews.kz тілшісі физиолог, "Генетика және физиология" институтының ғылыми қызметкері Болатбек Жақсымовпен тілдесіп, өсімнің себебін, денсаулыққа кері әсерін және алдағы уақытта адамдардың бойы қаншалықты өсетінін сұрады. 

Болатбек Жақсымов, физиолог

Неліктен бойымыз өсіп жатыр?

Физиологтың айтуынша, ғалымдар адам бойының өсімі туралы зерттеуін аяқтаған жоқ, бірақ бірнеше дәлелденген дерек бар.

"Антропологияда бой өлшемі антропометриялық белгілердің бірі болып дәлелденді. Осы тұста адамның өсуіне, физикалық дамуына әсер ететін факторлар көп: ген жүйесі, қоршаған орта әсері, әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің даму қарқыны және тағы да басқа жанама себептер. Мәселен, экологиялық факторларға ауаның құрамы, тағамның сапасы, стресс жағдайлары, ұйқының тыныштығы, ауру, күн радиациясының қарқыны, генетикалық факторларға жыныс, жас және организмнің жоспарлы (генетикалық) дамуын келтіре аламыз. Иә, кейінгі уақытта адам бойының өсуі байқалады. Оның себебі не? Бұл сұраққа қарапайым жауап бар, ол - XXI ғасырдағы адам ағзасына оң әсер ететін қолайлы жағдайлардың артуы", - дейді ол.

Болатбек Исаұлы физиологиялық өсім көрсеткішінің артуын 3 фактіге сыйдырды.

"Ең алдымен, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында адам күші аз жұмсалып жүр, яғни тірек-қимыл жұмысы азайды. Физиология тілімен айтсақ, омыртқа жотасындағы шеміршекті диск қабатының зақымдануы едәуір төмендеді. Бұл дененің еркін өсіп, оның зақымдану қаупін минимумға шығарды. Екіншіден, адамдар дұрыс тамақтану мәдениетін игеріп келеді. Бүгінде сапалы, табиғи тағамдардың сан алуан түрі бар, олар ағзаның дұрыс өсуін, зат алмасу процесінің қалыпқа келуін қадағалайды. Сондай-ақ, дәрумендер мен минералдар және пайдалы органикалық заттар да адам бойының өсу жолында өз септігін тигізіп жатыр. Үшіншіден, медицина көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Әңгімені мынадан бастайық, ауру адам ағзасының дамуын сау адаммен салыстыруға мүлде келмейді. Кезінде адамдар өз денсаулығына немқұрайлықпен қарады, одан бөлек, медицина да адам организмінің толық жетілуін өз бақылауында ұстай алмады. Қазір жағдай өзгерді, медицина деңгейі өсіп, адамдар дәрігерлерге сене бастады", - дейді физиолог.

Болатбек Жақсымов Қазақстанда да орташа бойдың едәуір өскенін айтып, статистика келтірді.  

"Әлемдік денсаулық сақтау комитетінің статистикалық мәліметтері бойынша, адам бойының өсуі экономикалық дамыған елдерде жиі байқалады. Экономикалық жағдайы тұрақты мемлекеттерде денсаулық, ғылым және медицина саласы қатар дамитыны ешкімге жаңалық емес. Мұның бәрін адам ағзасының өсуіне жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың басты бағыты деп қарастыруымыз қажет. Мәселен, Еуропа елдерінде адам бойының өсуі 10-18 сантиметр аралығында болса, Африкада бұл көрсеткіш 1,4-1,7 сантиметр аралығынан ары аспады. Орталық Азия елдеріне келетін болсақ (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан), мұнда да оң өзгерістерді байқауға болады. Қазақстанда ерлер 10 сантиметрге өссе, әйелдер - 8,5 см. Лондон Корольдігі колледжінің ғалымдарының зерттеулері бойынша, Орта Азия елдеріндегі ерлердің бойы 1914 жылы орта есеппен 161,12 сантиметр болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 171 сантиметрге жеткен. 100 жылда бойдың өсуі 6,13 пайызға жетіп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш", - дейді маман.

Осылай өсе береміз бе?

Физиологтың сөзінше, өсім үнемі прогрессив толқында дамымайды. Ол адамзаттың орташа бойы 170-180 см кейін акселерация қарқынының төмендейтінін жеткізді. 

"Иә, бұл жиі талқыланатын мәселе, бірақ қисынды деп айту қиын-ақ. Жаңа деректер бойынша, кейінгі 100 жылда адам бойының өсімі 1,5-15 см аралығында болса, "алып адам" болу үшін бірнеше ғасыр қажет. Логикаға сүйенсек, бірнеше ғасырдан соң адамдардың бойы бүгінгіден бірнеше есеге өседі, бірақ, ол кезде адам тіршілігі үшін, өмір сүруі үшін қауіпті болуы мүмкін. Осы ретте тағы да бір мысал келтіруге болады. Ежелгі тарихқа көз жүгіртсек, неандерталдықтар (155-165 см) қазіргі адаммен салыстырғанда бойы аласа болған, бірақ кроманьондықтардың бойы 170-180 см, яғни қазіргі адамдармен пара-пар. Мұндай жағдай ежелгі Мысырда да байқалған. Ал орта ғасырда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмендеген және кейінгі жүзжылдықта қайта қарқынды өсім байқалып отыр. Осы деректерге қарасақ, өсім үнемі прогрессив дамып отырмайды, оның да белгілі бір себептерге байланысты тоқырауға ұшырайтын уақыты болады. Бүгінде бұл мәселе бойынша бірде-бір ғалым дөп басып жауап бере алмайды", - деді дәрігер.

Бой өсімі адам өміріне қалай әсер етеді? 

Оның айтуынша, бойы аласа адамдарда жүрек-қантамырлар жүйесі ауруы, есту қабілетінің нашарлауы және деменция жиі кездеседі.  

"Физиологиялық өсімнің екі ұшы бар. Пайдасы мен зиянын салыстыратын болсақ, әр адам өзі үшін қорытынды жасағаны дұрыс деп ойлаймын. Ағылшын ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, аласа бойлы адамдарда 167 сантиметрден жоғары адамдарға қарағанда, жүрек-қантамырлары жүйесі ауруының кездесу жиілігі 32 пайыз жоғары екенін айтады. Оның себебі қоршаған ортаның әсері емес, аласа бойлы адамдардың генінде жүрек-қантамыр ауруына бейімділік бар. Сонымен қатар, ағзадағы май алмасу мен қан құрамындағы холестерин мөлшері тиісті деңгейде болмай шығады. Одан бөлек, 2003 жылы швед ғалымдарының British Medical журналында жариялаған мақаласында аласа бойлы адамдардың бойшаң адамдармен салыстырғанда есту қабілеті 3 есе нашар болатындығы жазылған. Олар IGF ақуызының концентрациясы бойы ұзын адамдарда көп болғандықтан, құлақ ішіндегі дыбысты естуге жауап беретін ұлушықтың жетілуі жақсы жүреді деген қорытынды жасап отыр. Тағы бір айта кететін жайт – деменция.  2014 жылы British Journal of Psychiatry журналы осы тақырып бойынша 18 зерттеудің нәтижесін талқылап, маңызды қорытынды жасады. Онда бойы 167 см аспайтын адамдарда деменцияның кездесу жиілігі 36 пайыз жоғары болады делінген. Десе де, бұл бойы аласа адамдардың барлығында деменция болады деген сөз емес. Оған басқа да факторлар әсер етіп жатады. Мәселен, күйзелістің (стресс) көп болуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы, созылмалы аурулармен күрес, дұрыс тамақтанбау және тағы да басқа көптеген себептердің әсерінен деменция қалыптасуы мүмкін", - дейді Болатбек Жақсымов.

Физиолог адамзат бойының орташа өсімі арқылы нақты анықтама беруге болмайтынын айтып, екіжақты қарама-қайшылықтардың көбін алға тартты.

"Енді мәселені екінші жағынан қарастырып көрейік. Аласа бойлы адамдардың ұзақ өмір сүретіндігі анықталған. Сондай-ақ, бойы ұзын адамдардың қатерлі ісік ауруына шалдығу пайызы аласа адамдарға қарағанда көбірек. АҚШ-тағы Альберт Эйнштейн медициналық колледжінің ғалымы Джеффери Кабаттың 2013 жылы жарияланған зерттеуінде әрбір 10 см қосымша бой өсімі қатерлі ісік ауруының барлық түрін 17 пайызға арттырады деген қорытындыға келген. Оның ішінде ең көп кездесетін қатерлі ісік түрлері: тері, тік ішек, жатыр, бүйрек және қалқанша безі. Ол қатерлі ісіктің бойы ұзын адамдарда жиірек кездесуін IGF ақуызының қандағы концентрацияның мөлшерден көп болуымен байланыстырды. Неге десеңіз, бойы 183 см жоғары ер адамдардың көктамыр қанында тромбоз қалыптасу қаупі бойы өзінен 10 см аласа адамдармен салыстырғанда 2,6 есеге жоғары болады", - дейді Болатбек Исаұлы.

Сөз соңында ол адамзат бойының өсуі жалпыәлемдік тенденция екенін айтып, дабыл қағудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов
Суреттер Болатбек Жақсымовтың жеке мұрағатынан 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer