ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 апреля 2020 | 13:23

COVID-19 миға және өкпеге әсер етуі мүмкін. Коронавирус туралы жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 2 миллионнан асты. Қытайдың Ухан қаласынан тараған вирустың нақты қалай пайда болғаны туралы әлі күнге дейін түрлі болжам айтылады. Мәселен, бүгін коронавирус инфекциясын қаңғыбас иттер тасымалдаған болуы мүмкін екені айтылды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты жаңа деректерге шолу жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 2 миллионнан асты. Қытайдың Ухан қаласынан тараған вирустың нақты қалай пайда болғаны туралы әлі күнге дейін түрлі болжам айтылады. Мәселен, бүгін коронавирус инфекциясын қаңғыбас иттер тасымалдаған болуы мүмкін екені айтылды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты жаңа деректерге шолу жасады. 

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Жалпы бұған дейін вирусты жұқтырған адамда жөтелу, тұмау, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, құсу секілді белгілері байқалатыны белгілі болған. Оған қоса, бүйрек ауруы мен диарея да пайда болуы мүмкін.

Ал 14 сәуірде Испаниядағы Ортопедтер кеңесінің дәрігерлері коронавирустың жаңа белгісін анықтады. Ғалымдардың баяндамасындағы мәліметке сүйенсек, аяқта желшешек немесе қызылша сияқты ауруларда пайда болатын дақтар шықса, ол COVID-19 жұқтырғанның белгісі болуы мүмкін екен. Испания, Италия және Франция елдеріндегі науқастардың көбінің табандарында дақтар болған.

"Мұндай дақтар көбіне балалар мен жасөспірімдерде пайда болады. Италиялық 13 жастағы балада пайда болған дақты бастапқыда ата-анасы бір жәндік шағып алған болуы мүмкін деп ойлаған. Ал екі күннен кейін баланың дене қызуы көтерілген. Бірақ мұндай дақтар коронавирустың белгісі екені дәлелденген жоқ", - дейді испаниялық ғалымдар.

COVID-19 миға және өкпеге әсер етуі мүмкін

Дәрігерлер коронавирустың ауыр түрімен ауырып шыққан науқастардың өкпесінің көлемі азайып, миының жұмысы нашарлайды деген болжам жасап отыр. Бұл туралы АҚШ-тағы Джордж Мейсон атындағы университеттің жүйелі биология мектебінің профессоры Анча Баранова РИА Новостиге айтқан.

"Жастар жүгіру марафонына қатыса алмайды, ал егде жастағылар баспалдақпен көтерілген кезде демігіп қалатын болады. Бұл, әрине, барлығында емес, коронавирустың ауыр түрімен ауырып шыққандарда байқалатын болады", - деді профессор.

Сонымен қатар, Баранова коронавирус инфекциясын ауыр өткізген науқастардың жүйке жүйесі де нашарлауы мүмкін екенін айтады.

"Мәселен, коронавирусты ауыр өткізген кәрі адамдардың санасы шатасып, бағыттан адасу (дезориентация) белгілері пайда болуы мүмкін. Оның қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Ауруханадан шыққан науқастар жазылып шыққаннан кейін де шаршау белгілері барын және көздің қарауытуы жиі болатынын айтқан", - дейді маман.

Вирус қаңғыбас иттер арқылы жұққан болуы мүмкін

Инфекцияның қайдан шыққаны туралы жаңа ақпарат шықты. Бұл туралы Molecular Biology and Evolution журналында мақала жарияланды. Канадалық ғалымдар коронавирус жарқанаттардан адамға қаңғыбас иттер арқылы жұғуы мүмкін деген қорытынды шығарған.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, иттер індет жұқтырған жарғанаттардың етін жеген болуы мүмкін. Содан кейін олардың ішегінде вирус эволюциясы болған. Уақыт өте келе вирус адамға жұққан.

Мамандар бүгінде белгілі бетакоронавирустың 1252 толық геномын, сондай-ақ инфекциялық ауруға шалдықтырған ит коронавирусының (CCoVs) геномдарын зерттеген.

Терек мамығы коронавирустың тез тарауына әсер етуі мүмкін

Теректен шығатын мамықтың айналада тарауы маусымның ортасына дейін тоқтамаса, ол коронавирус жұқтыруды арттыруы мүмкін. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Надежда Логина НСН эфирінде мәлімдеген.

"Терек мамығы гүлденетін уақытқа дейін, яғни, маусымның ортасына дейін эпидемияны тоқтатпасақ, қиын жағдай болайын деп тұр. Теректің гүлдеуі кезінде тыныс алу жүйелерінде аллергиялық аурулар өрши бастайды. Ал терек мамығы коронавирусты белсенді тасымалдаушы болуы мүмкін", - дейді маман.

Терек мамығы © pixabay.com

Дәрігердің айтуынша, кез келген аллергиялық ауруы бар адамдарда шырышты қабықтың қорғаныс реакциялары пайда болатындықтан, олар микроб және вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

"Сондықтан бұл науқастарды ерекше бақылауда ұстаймыз және олар сақтық шараларын қатаң сақтауы керек", - деді Надежда Логина.

Еске салайық, дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 2 084 595-ке жетті. Жарты миллионнан аса адам (515 243) жазылып шыққан. АҚШ коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны бойынша да, қайтыс болған адам саны бойынша да бірінші орында: 644 348 адам жұқтырып, 28 554 адам қайтыс болған. 

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1341 адам анықталып, 16 адам қайтыс болды. Еліміз бойынша барлығы 240 адам жазылып шықты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 495.34   523.31   4.94 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети